Атырау маңы өртеніп жатыр
Атырау маңы өртеніп жатыр
©Сурет интернеттен алынды
152
оқылды
Шымкенттен шыққан тікұшақ Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіріп жатыр.
Бүгін таңертең Шымкенттен ұшып шыққан «Қазавиаспас» АҚ су-дренажды қондырғысы (5 тонна) жабдықталған тікұшағы Атырау облысында қамыс өртін сөндіре бастады.
Еске салсақ, Атырау облысындағы өрт Атырау қаласынан 30-40 км қашықтықта Каспий теңізінің жағасын жайлап барады. Өрт ошағы әрбір жерден шығып жатыр. Ал өртті сөндіру батпақты жерде қиынға соғуда. Тіпті  арасында арнайы техниканың өтуі де мүмкін емес. Шымкенттен шыққан «Қазавиаспас» АҚ МИ-17 тікұшағы өрт орнына 3 тонна суда он қайтара әкелді. Сондай-ақ, өрттің жайылуын бақылап, хабарлап  отырған «Қазавиаспас» АҚ-ның «Eurocopter145» тікұшағы. Қазір өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен, «Қазавиаспас» АҚ, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдардан 82 адам, 23 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылған.