КВИ: соңғы науқас ауруханадан шықты
КВИ: соңғы науқас ауруханадан шықты
161
оқылды
Пандемияға байланысты орталықта шілде айынан бастап ЖРВИ немесе Covid-19 белгілері бар пациенттер үшін 25 провизорлық және жұқпалы ауруға 5 төсектік жұқпалы ауру-провизорлық бөлімше ашылған болатын.
«Кеше біз екі жақты пневмониямен ауырған соңғы науқасты ауруханадан шығардық. Науқастың жағдайы жақсы және ол біздің дәрігерлерге өте риза. Енді орталықтағы жұқпаулы ауру-провизорлық бөлімшені кардиохирургиялық бөлімшеге жоспарлы емдеуге жатқызудың қайта жандануына байланысты жауып тастадық», – дейді Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Ғани Бодықов.
квиБөлімше жұмыс істеген кезде мұнда 118 науқас емделіп, 48 бала өмірге келген. Оның 20-сы кесар тілігі отасы арқылы дүние есігін ашты. Тағы бір айта кетерлік маңызды жайт – бұл бөлімше жұмыс істеген мерзімде науқастар арасында коронавирустан өлім жағдайлары болған жоқ.