Полицейлер мүмкіндігі шектеулі баланың арманын орындады – видео
Полицейлер мүмкіндігі шектеулі баланың арманын орындады – видео
Фото: С.Лидің жеке парақшасынан алынды
5,146
оқылды
Тосынсый туралы әлеуметтік желіде баланың анасы Светлана Ли жазды. Полицейлер баланы туған күнімен құттықтап, ойыншық көлік сыйлады. Баланы полиция көлігіне отырғызып, қаланы аралатқан. «Атырау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ұжымына Алла разы болсын. Кішкентай ерекше сәбиіміз Абдурахим балақайды бүгінгі туған күнімен құттықтап, арманын орындап сыйлығын беріп, қаланың ішін қыдыртып қайтты. Балақайдың қуанышында шек жоқ, көріп қуанып мәз болды. Осындай мүмкінділігі шектеулі жандардың жанын түсініп, жүректеріне мейірім ұялатып жанын түсінген сіздерге Алла сауаптан жазсын. Жұмыстарыңызға толағай табыс, отбасыңызға амандық тілеймін!», – деп жазды Светлана Ли.   https://www.facebook.com/100010027004035/videos/1251179065226315/