Зейнетақы қорындағы ақшаны алу жолдары қандай?
Зейнетақы қорындағы ақшаны алу жолдары қандай?
1,294
оқылды
Электронды тәсілдің бірнеше нұсқасы бар:
  1. БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы. Бұл жағдайда салымшы (алушы) зейнетақы шоты бойынша үзінді көшірмені электрондық пошта арқылы өзі таңдаған кесте бойынша: ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын немесе жыл сайын алады;
  2. электрондық цифрлық қолтаңба немесе логин мен құпиясөзді қолдана отырып, қор сайтындағы «жеке кабинет» арқылы алу;
  3. электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен Электрондық үкімет порталындағы «жеке кабинет» арқылы алу. Бұл ретте бірреттік sms-парольді де пайдалануға болады. Ол үшін салымшы (алушы) Электрондық үкімет порталының «жеке кабинетінде» тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Сонда оның ұялы телефонына бірреттік sms-пароль жіберіледі.
Еgov.kz порталы арқылы мәліметтер алу үшін салымшылар осы сайттың «Азаматтар» санатына кіріп, «Әлеуметтік қамтамасыз ету» айдарын таңдайды. Одан әрі «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлімінде қажетті ақпаратты алуға қол жеткізеді. Сонымен қатар, былтырдан бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары қорда қанша ақшасы бар екенін eGov.kz сайтынан бір реттік SMS құпия сөздің көмегімен біле алады. Қандай жағдайда зейнет жасына ерте шығуға болады? Біріншіден, 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейін (5 жылдан кем емес) экологиялық қауіп аймақтарында тұрған, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар жүргізудің салдарынан зардап шеккен азаматтар; ерлер – 50 жасқа толғанда; әйелдер – 45 жасқа толғанда. Екіншіден, 5 және одан астам бала туған немесе асырап алған және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер, 53 жасқа толғанда. Үшіншіден, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушы әйелдер үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде зейнетақы аннуитетін сатып алған жағдайда 51 жаста жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдерін тағайындау құқығы сақталды. Зейнетақы қоры33 Қанша адамның табысы зейнетақы қорынан қаражат алуға жетеді?   GSB UIB бизнес мектебінің директоры Мақсат Халықтың айтуынша, зейнетақы қорындағы ақшаның белгілі бір бөлігін шешіп алмас үшін ескеретін мәселелер бар. Зейнетақы қоры 1_n «Халықтың көп бөлігін қамтитындай бағдарлама деп айтуға келмейді. Жаппай барлығы үшін тиімді деп те айта алмаймыз. Халықтың басым бөлігінің зейнетақы қорындағы ақшасы 1 млн-ға да жетпейді. Оған себеп, халықтың алатын айлығы төмен. Осы ретте, еңбекке жарамды халықтың саны 10 млн болса, соның ішінде қордағы жинақты пайдалануға 721 мың азаматтың  ғана мүмкіндігі бар. Бұл шамамен 8 пайызына қолжетімді деген сөз, ал 92 пайызы ала алмайды. Алдағы 1−2 жылда 1,6 млн халықтың табысы Зейнетақы қорынан қаражат алуға болатындай деңгейге жетеді. Келер жылдарда 2 жарым млн халықты қамтитын бағдарлама болуы мүмкін. Зейнетақы қорынан ақша алу үшін бекітілген ережелерді алдағы 5 жылда өзгертпесе екен деген ұсынысым бар. Өйткені, халықтың басым көпшілігінің табысы төмен болғандықтан бекітілген шекке дейінгі қаражатты жинап үлгерген жоқ. Ендігі мемлекет алдындағы міндет халықтың қолындағы табысын арттыру керек. Сонда қорға қаражат салушылардың саны артады», − дейді сарапшы. Қанша қаражат алуға болады? Бұған дейін азаматтардың зейнетақы жинақтарын пайдалануы үшін жеткіліктілік шегі мөлшерін алдын ала есептеу әртүрлі жастағы адамдар үшін мынадай болады: 20 жас 1 млн 720 мың, 21 жас 1 млн 795 мың, 22 жас 1 млн 871 мың, 23 жас 1 млн 948 мың, 24 жас 2 млн 026 мың, 25 жас 2 млн 105 мың, 26 жас 2 млн 185 мың, 27 жас 2 млн 267 мың, 28 жас 2 млн 349 мың, 29 жас 2 млн 433 мың, 30 жас 2 млн 518 мың, 31 жас 2 млн 604 мың, 32 жас 2 млн 691 мың, 33 жас 2 млн 780 мың, 34 жас 2 млн 810 мың, 35 жас 2 млн 961 мың, 36 жас 3 млн 053 мың, 37 жас 3 млн 147 мың, 38 жас 3 млн 242 мың, 39 жас 3 млн 339 мың, 40 жас 3 млн 437 мың, 41 жас 3 млн 536 мың, 42 жас 3 млн 636 мың, 43 жас 3 млн 739 мың, 44 жас 3 млн 842 мың, 45 жас 3 млн 947 мың, 46 жас 4 млн 054 мың, 47 жас 4 млн 162 мың, 48 жас 4 млн 271 мың, 49 жас 4 млн 383 мың, 50 жас 4 млн 495 мың, 51 жас 4 млн 610 мың, 52 жас 4 млн 726 мың, 53 жас 4 млн 843 мың, 54 жас 4 млн 963 мың, 55 жас 5 млн 084 мың, 56 жас 5 млн 207 мың, 57 жас 5 млн 331 мың, 58 жас 5 млн 457 мың, 59 жас (және одан жоғары) 5 млн 586 мың теңге. Мақсат Халық, есептеудің бұл жүйесінде ескеретін мәселе барын айтады. «Мысалы, 30-дағы азаматтың 2 жарым млн теңге жинағы болуы керек деп айтылған. Бұл ақшаны айлардың санына бөледі. Сонда айына 270 мың теңге табыс болуы керек деп айтылып жүр. Бұл дұрыс есептеу емес. Оқуды енді бітіріп, жұмысқа орналасқан азаматтың айлығы 270 мың теңге болмайды. Көбі 80-100 мың теңгеден бастауы мүмкін. Сосын біртіндеп бұл айлық көлемі өседі. Тиісінше зейнетақы қорына түсетін аударымдары да артады. Оған қоса жыл соңында инвестициялық табыстылықты қосу керек. Мысалы, жылына 10% инвестициялық табыстылық бар деп есептесек, келер жылы бұл көрсеткіш 12 айдың салымымен өсетін болса, жалпы жиынтық сома тағы да артады. Осы ретте, инвестициялық табыстылық дегеніміз− зейнетақы қорындағы біздің қаражатымыздың айналымға жіберіулін айтамыз. Мысалы, бұл ақшаға құнды қағаздар сатып алады. Жылдың соңында оның инвестициялық кірісі есептелініп отырады. Яғни, жоғарыда айтқан 270 мың теңгеге инвестициялық кірістілікті де қосамыз». Айта кетерлігі қаңтар айындағы еңбек және халыққа әлеуметтік қорғау министрлігінің бағдарламасында 30 жастағы азаматтың есепшотында 6,7 млн теңге, ал 50 жастағы адамдардың зейнетақы қорында 10 млн-ның үстінде болуы қажет болған. Сол кездегі талаптарда тек қана 113 мыңнан астам адам қордағы қаражатты пайдалануға құқығы бар еді. Ал, қазір ол көрсеткішке қарағанда жеткіліктілік шегі 3 есеге түскен. Сонда 721 мың адамның қордағы қаражатты пайдалануына мүмкіндігі бар. Бұған қоса, өткен жылы Зейнетақы аударымдарын 15%-ға өсіру туралы сөз болған болатын. Бұл ұсынысқа көбі қарсы шықты. Себебі, халықтың табысын өсірмей, қор аударымдарын арттыру бекер әурешілік еді. Келер жылдан бастап, ұстаздардың табысы 25%-ға артады деп жоспарлануда. Бұған қоса, мемлекеттік қызметкерлердің де айлығын арттыру көзделіп отыр. Екі−үш жыл қатарынан халықтың табысын тоқтаусыз өссе, халықтың өзі қорға аударатын салымның үлесін арттыруға ынталы болады. Осы ретте, экономист Ажар Бейсенбаева елімізде баспанаға сұраныс күннен күнге артып отырғанын, осы үрдіске байланысты ипотекалық несиелеу кеңейгенін айтады. Зейнетақы қоры 4 "Егер жоғары табыс деңгейі бар азамат қазір жеңілдікпен несие алуға зейнетақы қорларын пайдалану мүмкіндігі болса жағдай өзгеретін еді. Ал табысы төмен азамат  БЖЗҚ-да жинақтың аздығынан мүмкіндігі болмайды. Жағдайды жүйелеу үшін халықтың табысын арттыратын уақыт келді. Бірақ бұл жеке зейнетақы жүйесі емес, ел экономикасының проблемасы. Ендігі ойланатын мәселе әрбір қазақстандық зейнетақыдан бөлінетін қаржыны пайдалану мүмкіндігін арттыру үшін жоғары табыс табуға және жұмыс берушіден табысын жасырып қалмауды талап етеді. Күнделікті тұтынатын тамақ өнімдерінен бастап, коммуналдық төлемдердің бағасы артып келеді. Тек халықтың айлығы көтерілген жоқ. Орташа айлықты 200 мыңның шамасында деп жүрміз. Оған да күмәнмен қараймыз. Шын мәнінде халықтың табысы аз", − дейді экономист. Зейнетақы қаражатының бір бөлігін пайдалану құқығы 2021 жылдан бастап берілетін болады. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу немесе қаржы компанияларына басқаруға беру үшін алынуы мүмкін. Егер мақсатты пайдалануға қажет болса, отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге болады. Зейнетақы өсе ме? Келер жылдарға арналған мемлекеттік бюджетті есептеу бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері –18 524 теңгені, зейнетақының ең төмен мөлшерi – 42 272 теңгені құрайды. Белгілі болғандай, жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 7 процентке көтеру жоспарланып отыр.