Грант-2020: Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды
Грант-2020: Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды
© сурет интернеттен алынды
225
оқылды
Елімізде магистратура бойынша мемлекеттік грантқа ие болғандардың тізімі жарияланды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады. Магистратура бойынша білім беру гранттары иегерлерінің ТІЗІМІ Айта кетейік, бүгін 2020-2021 оқу жылына арналған магистратура дәрежесі бойынша гранттарды тағайындау туралы комиссияның соңғы отырысы өтті. Магистратура бойынша грант иегерлері анықталды. Комиссияның құрамына мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, мүдделі мемлекеттік органдардың, ЖОО-ның қауымдастығының, БАҚ өкілдері, сонымен бірге ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің өкілдері де бар. Комиссияның барлық ресми жұмысы аяқталды. Жалпы 2020-2021 оқу жылына 12 829 грант бөлінді. Оның ішінде ғылыми педагогикалық бағыт бойынша 12 119 грант және бейіндік магистратураға 710 грант бөлініп отыр Комиссияның шешімі негізінде 10 202 үміткер грант иегерлері атанды.