ДДСҰ жаңа пандемияға дайын болуға шақырды
ДДСҰ жаңа пандемияға дайын болуға шақырды
Фото: Интернеттен алынды
138
оқылды
«Бұл – соңғы пандемия емес. Тарих бізге аурудың өршуі мен пандемия, шын мәнінде, өміріміздің бір бөлшегі екенін көрсетіп беріп отыр. Сондықтан келесі пандемия келгенде, әлем оған осы уақыттағыдан гөрі әлдеқайда дайын болуы керек», – деді Гебрейесус.

Оның пайымдауынша, COVID-19 пандемиясы әлем халқына сабақ болды.

«Денсаулық сақтау жүйесі - әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықтың негізі», - деді Гебрейесус.

Осыған байланысты Гебрейесус аурудың алдын алу, анықтау, сондай-ақ халықтың денсаулығына, әсіресе, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке алдын ала инвестиция салуға шақырды. Мысал ретінде ДДСҰ басшысы Таиландтың денсаулық сақтау саласын дамытуға бағыттап жатқан күш-жігерін, сондай-ақ Италия қабылдаған шешімдерді келтірді. Шұғыл қабылданған шешімдер COVID-19-ды ауыздықтауға мүмкіндік берген.