Миллионға толы гараж
Нұр-Сұлтан қаласында ескі көліктерді жөндеп, су жаңа қалпына келтіретін коллекционер тұрады. Есімі – Сүйіндік Төрегелдиев, өзі кәсіпкер. Ол негізінен Кеңес дәуірінде шыққан темір тұлпарларды жинайды. Кейіпкерімізбен кездесіп, жинаған көліктерінің тарихын біліп қайттық.
[caption id="attachment_70761" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
– Бұл – Кеңес үкіметін әспеттеу емес. Жинаған көліктерім сол дәуірдікі болған соң, бұл жер де соған қарай безендірілген. Бірі – тауға шығып демалса, бірі үйде жатып тынығады емес пе?! Сол сияқты бұл да менің демалыс орным. Себебі осы көліктерге қарап отырып, өмірімнің өткен сәттерін еске аламын. Өткен күндерге оралғандай боламын, – дейді Сүйіндік Төрегелдиев.
[caption id="attachment_70762" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Шағын ғана гараж. Жанында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Иесінің айтуынша, тағы екі көлік келуі керек. Соған орай гаражды кеңейту мақсатында жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Ішіне кіргеніміз сол, бейне бір Кеңес дәуіріне түскендей болдық.
[caption id="attachment_70764" align="alignnone" width="944"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Тек қабырғада ілулі тұрған үлкен экранды теледидар бүгінгі заманда екенімізді білдіріп тұрғандай. Жақтау үстінде тұрған Ленин мүсіні «Оқы, оқы және оқы» деген сөздерін еске түсіргендей болды. Ал қабырғада ілулі тұрған ту, көне чемодандар, мүсіндер, тіпті күміс ақшаның да неше атасы бар.
[caption id="attachment_70766" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Сүйіндік Төрегелдиевтің сатып алған алғашқы көлігі – жасыл «жигули». Ол оны осыдан үш жарым жыл бұрын алған. Ол уақытта ескі көліктерді жинау оның ойында да болмаған. Бұл көлік ол туған жылы жасалған екен. «Жигули» 1975 жылғы, мен де сол кезде дүниеге келгенмін. Сәйкестігіне қызығып кеттім. Осы көлікпен балаларымды сабаққа апарып, отбасыммен қалаға шығып, біраз жүрдік» дейді. Кейін көлікті жөндетіп бұрынғы қалпына келтіруге тырысқан. Коллекционер «Жигулиді» Алматыдан 4 миллион теңгеге сатып алыпты.
[caption id="attachment_70768" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Одан кейін қара түсті «волгаға» ие болған. Сүйіндік ол жайында жолдастарынан естіп, сайттан нөмірін алып, хабарласқан.
[caption id="attachment_70770" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
– Қызығы, көлікті мүлдем ешкім жүргізбеген. Өзі су жаңа көлік, 1998 жылғы. Осы күнге дейін көлікті неге жүргізбегенін сұрағанымда, оны «інісінің көзі» деп сақтапты. Ол Ресейдегі әскерде жүргенде қаза болыпты. Соған өтемақы ретінде көлікті тарту еткен. Көлікті тазалап ұстағаны болмаса, оны жүргізбеген. Жас келген соң көлікті күту қиындап, сатпақшы болады. Оны мен сатып алдым, – дейді коллекционер. Ол машинаны 6 миллион теңгеге алыпты.
[caption id="attachment_70769" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
– Міне, осыдан кейін гараж жасау керек екенін түсіндім. Содан Өскеменнен 1992 жылғы «Москвичті» алып келдім. Көлікті көргенімде балалық шағым есіме түсіп кетті. Мендегісі сарысы, ал бізде ақ түсі болған. Ол кезде біз Алматыда тұрамыз, ал ағайын-туғанның бәрі Жамбылдың Мойынқұм ауданында еді. О жаққа шыққанымызда әке-шешем көліктің алдында, біз артына отыратынбыз. Машинаның іші суық болғаны соншалық, анам үшеуміздің аяғымызды көрпемен орап қоятын. Сөйтіп 400 шақырымды жүріп баратынбыз, – деген Сүйіндік бұл көліктің 15 шақырым жүргенін еске алды.
[caption id="attachment_70771" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Осылайша, Қазақстанның әр өңірінен әкелінген көліктер шаң басқан гараждың көркіне айналды. «Запорож» бен «семерканы» Шымкенттен алған. Оның айтуынша, кезінде досының «запорожымен» жастық шағында биге барғанын есіне алды. Ал «семеркамен» Қордайдан өтіп бара жатқанда алдыңғы әйнекке тас тиіп, күл талқан болып, сынып қалған. Сөйтіп, қыстың аязында сынық әйнекпен Қырғызстанға дейін барыпты. Сонда «әкем бетіне орамалды орап алып, мені орындықтың астыңғы жағына отырғызып» апарғаны есінде.
[caption id="attachment_70773" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
– Әкем – ғылым докторы. Өмір бойы ғылымда жүрген адам. Кандидаттығын Ресейден, докторлықты Новосібірден қорғаған. Әкемнің ізін жалғастырмай, кәсіпкерлікке кетіп қалдық, – деген кейіпкеріміз ата-анасының 2008 жылы жол апатынан қаза болғанын айтты.
[caption id="attachment_70774" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Бұл жерде ескі велосипед пен мотоцикл де бар. 1982 жылғы мотоцикл Өскемендегі бір қарияның гаражында қалып қойған екен. Ол бар-жоғы 500 шақырым ғана жүрген.
[caption id="attachment_70775" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
– Бүгінгідей дамыған заманда қажет дүниеңді интернеттен тауып алуға болады. Оған қоса, осындай дүние жинастырып жатқанымды естіп, өздері хабарласып жатады. Өзіме ұнағанын аламын. Әзірге бұл көліктерді сату ойымда жоқ. Осы жерге келіп, өткенді еске алу ұнайды, – деген Сүйіндік Төрегелдиев қажетті көліктің бірден табыла қоймайтынын айтты.
[caption id="attachment_70776" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Оның айтуынша, Kolesa.kz-тің өзінде түр-түрлісі бар. Бірақ оның біреуі қисық, сынған, бұзылған болып шығады. Жақсысын табу үшін уақыт керек деген коллекционер әр көлікті гаражға қояр алдында толығымен жөндеуден өткізіп, майлатып алады. «Жолдасымның көлік жөндеу орталығы бар. Бәрін соған көрсетемін. Ол айына екі рет келіп, көліктерді тексеріп тұрады» деген ол бұл дүниені балаларына мұра болғанын қалайды.
[caption id="attachment_70777" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
– Енді көлікті жыл-жылға бөліп жинау ойымда бар. Мысалы, 80 жыл бөлек, 90 жыл бөлек дегендей, – дейді коллекционер Сүйіндік Төрегелдиев.