Қайта қону үшін жанармай жағылған
Қайта қону үшін жанармай жағылған
129
оқылды
Баспасөз қызметінің ақпа­ратына сүйенсек, 7201 рейсінде ауа жел­деткіш бөлімінің істен шыққа­ны туралы дабыл қағыл­ған. Сон­дық­тан тәжірибелі эки­паж ұшу әуежайына, яғни Аты­рауға оралуға шешім қабылдады. Ере­жеге сәйкес, отын қону салма­ғына жету үшін жағылған. Бұл әрекет, тиісінше біраз уақытты қа­жет еткен, сон­дықтан ұшақ жерге бірден қон­ба­ды. Қону сәтті орын­далған соң ин­женерлік қызмет тех­никалық тексеріс жүр­гізді. Жерде ұшақ шамамен 1 сағат 40 минут тұрды. Уақыттың көп бөлігі жолаушыларға түсіру мен жүктерін шығаруға, содан кейін тіркеу және тексеру проце­дура­ларынан өту үшін жұмсалды. Тех­никалық байқау ша­мамен жарты сағатқа созылды. Осы­дан кейін мамандар ұшақ Алма­тыға ұшуға дайын деген қоры­тындыға келді. Одан кейін еш ақау табыл­маған. «Бұл – стандартты жағдай. Ұшу қауіпсіздігіне жіті мән бере­міз. Тәжірибелі экипаж барлық әуе­кемелері жүйелерінің жарамды еке­ніне көз жеткізу үшін қонуға шешім қа­былдады», – дейді бас­пасөз қыз­меті. Тексерістен өткен ұшақ сағат 00.40-та 117 жолау­шымен Ал­матыға ұшып, діттеген жеріне аман-есен жетті. Алайда осы жағдайдан кейін 117 жолау­шының 27-сі ұшаққа отырудан бас тартқан.  

Ж.АҚҚАЙЫР