Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 7201 рейсінде ауа желдеткіш бөлімінің істен шыққаны туралы дабыл қағылған. Сондықтан тәжірибелі экипаж ұшу әуежайына, яғни Атырауға оралуға шешім қабылдады. Ережеге сәйкес, отын қону салмағына жету үшін жағылған. Бұл әрекет, тиісінше біраз уақытты қажет еткен, сондықтан ұшақ жерге бірден қонбады. Қону сәтті орындалған соң инженерлік қызмет техникалық тексеріс жүргізді.
Жерде ұшақ шамамен 1 сағат 40 минут тұрды. Уақыттың көп бөлігі жолаушыларға түсіру мен жүктерін шығаруға, содан кейін тіркеу және тексеру процедураларынан өту үшін жұмсалды. Техникалық байқау шамамен жарты сағатқа созылды. Осыдан кейін мамандар ұшақ Алматыға ұшуға дайын деген қорытындыға келді. Одан кейін еш ақау табылмаған.
«Бұл – стандартты жағдай. Ұшу қауіпсіздігіне жіті мән береміз. Тәжірибелі экипаж барлық әуекемелері жүйелерінің жарамды екеніне көз жеткізу үшін қонуға шешім қабылдады», – дейді баспасөз қызметі. Тексерістен өткен ұшақ сағат 00.40-та 117 жолаушымен Алматыға ұшып, діттеген жеріне аман-есен жетті. Алайда осы жағдайдан кейін 117 жолаушының 27-сі ұшаққа отырудан бас тартқан.