Бергей Рысқалиевтің тәркіленген бүкіл мүлкін мемлекет біртіндеп қайтарды  
Бергей Рысқалиевтің тәркіленген бүкіл мүлкін мемлекет біртіндеп қайтарды  
Фото: Интернеттен алынды
363
оқылды
Биыл маусымда Жоғарғы сотта бас прокуратураның кассациялық қарсылығы бойынша іс қайта қаралған еді. Нәтижесінде, экс-әкім Бергей Рысқалиев мен оның ағасы Аманжан Рысқалиевтен тәркіленген мүлік кері қайтаратын болды. Айта кетейік, ағайынды Рысқалиевтер сот отырысына қатыспағандықтан, сот үкімі сырттай шығарылды. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, Рысқалиевтерге қатысты үкім күшіне енгеннен кейін сотталғандардың туыстары мүлікті қайтаруды сұрады. Тергеу кезінде Рысқалиевтердің заңсыз баюға қатысы жоқ екені анықталды. Сондай-ақ қылмыстық топ құрылғанға дейін Рысқалиевтерге тиесілі мүлікке салынған аресті де алып тастады.
Марат Ахметжанов: «Қылмыстық топ құрылғанға дейін тіркелген, яғни ол (Бергей Рысқалиев) бизнес саласында жұмыс істеп жүрген кезде тіркелген мүлік ішінара тәркілеуден босатылды», – деді.