Арыста зардап шеккен әскерилердің жағдайы мәлім болды
Арыста зардап шеккен әскерилердің жағдайы мәлім болды
5,189
оқылды

Арыста зардап шеккен әскери қызметшілерді Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыстырды. Бұл туралы хирургиялық жұмыс бойынша әскери медициналық мекемінің басшысы, медициналық қызметтің полковнигі Омаров Ғалымжан мәлімдеді, деп хабарлады Қазақпарат.

Мекеме басшысының сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Олардың барлығы әскери госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыстырылды. Оқиғадан кейін әскери қызметшілер әскери авиацианың медициналық мекемесіне жедел түрде жеткізілді. Ол өз кезегінде уақтылы қажетті медициналық көмекті көрсетуге, сондай-ақ тез арада оңалуға жағдай жасады.

https://youtu.be/uDKxt45TGx8

21 қыркүйекте төтенше жағдай салдарын жою жəне арнайы жабдықталған полигонның аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жоспарлы жару жұмыстары барысында оқ-дəрі фрагментінің өздігінен жарылысы орын алғанын естеріңізге сала кетейік.

Нәтижесінде келісімшарт бойынша арнайы дайындалған 10 сапер-әскери қызметші жарықшақтан жараланды.