БҰҰ коронавирустың таралуы қашан тоқтайтынын айтты
БҰҰ коронавирустың таралуы қашан тоқтайтынын айтты
© сурет интернеттен алынды
104
оқылды
Әлемде коронавирусқа қарсы вакцинаның нәтижесі 2022 жылдан бұрын байқалмайды, өйткені халықтың ұжымдық иммунитеті пайда болуы үшін уақыт керек.  Сәрсенбіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан Twitter-де көрсетілген Женевадағы брифингте осындай болжам айтты, - деп хабарлады tass.ru.
"Вакцина дайын болса да, уақыт қажет болады. Барлық адам немесе кем дегенде адамзаттың  60-70%-ында иммунитет пайда болса ғана, яғни ұжымдық иммунитет пайда болса, вирустың таралуы тоқтайды. Қазіргі жағдайда біз бұл вирусты жоюды емес, оның қоғамға, адам өміріне ықпал етіп жатқан әсерін төмендетуді айтып жатырмыз. 2022 жылға дейін осы өзгерісті көру үшін уақыт керек болатыны сөзсіз", - деді ол.
Сарапшы сонымен қатар коронавирусты және антиденелерді сынақтан өткізуде қол жеткізілген жетістістікке назар аударды.