Алматыда зейнеткерлерді тонап келген 39 жастағы ер адам ұсталды
Алматыда зейнеткерлерді тонап келген 39 жастағы ер адам ұсталды
© Сурет ғаламтордан
127
оқылды
Алматыда зейнеткерлерді тонаумен айналысқан ұры ұсталды. 39 жастағы ер адам егде тартқан әйел адамдардың мойнынан алтын алқаларын жұлып алып кетіп отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Күдікті тек егде тартқан әйелдерді тонаумен айналысқан. Ол өзіне ыңғайлы сәтті күтіп, зейнеткерлердің мойнынан алтын алқаны жұлып алып, белгісіз бағытқа қашып кетіп жүрген.
«Күдікті — Ресей Федерациясының тумасы Р. есімді азамат. Ол жалғыз өзі қаланың төменгі аудандарында әрекет еткен. Бетіне медициналық маска тағып алып, күндізгі уақытта да кісі тонаумен айналысқан. Ол көшеде өзіне қарай келе жатқан әйелдердің әшекейлерін жұлып алып қашып кетіп отырған. Кейін зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізіп, одан түскен қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Айта кету керек, Р. есімді азамат бұрын спортпен айналысқан және жылдам жүгіру дағдыларын осы кәсіпке қолданған. Күдікті бұрын тонау және қарақшылық бойынша сотталған. Ұсталған ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Tонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары тіркелді. Ол Алматы қаласындағы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды»,– деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.
Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас төрт қылмыстық эпизодқа қатысы бар екендігі дәлелденді.