«Еститін» Үкіметке қаншама рет хат жаздық» – «Асыл Армандағы» атыс
«Еститін» Үкіметке қаншама рет хат жаздық» – «Асыл Армандағы» атыс
Фото: Интернеттен алынды
165
оқылды
Оқиға «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің ауласында болған, – деп хабарлайды AstаnaTV. Оқиғаға қатысы бар күдікті 26 жастағы ер адам қамауға алынған.
«Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің тұрғыны Динара Дүйсебаева: «Мына жерде бізде атыс болды. Түннің жарымында ұйықтап жатқанда айқай-шудан ояндық. Шықсам, 5-6 бала жас бала жүр екен. Сырыхананың иесі, жұбайы барлығы бір-бірмен ұрысып жатыр. Мұндай жайт жиі болады. Күнде көрген күніміз осы. Оның алдында пышақтасу да болды», – деді.
Тұрғындардың айтуынша, сыраханаға келетіндер ішімдік ішіп, жаға жыртысады. Ал полиция өкілі атыс аулада болды дегенді айтады.
Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі: «Анықталғандай сол жердің жергілікті тұрғыны 1994 жылы туған азамат пиротехникалық заттарды тұрғын үй аумағында яғни аулада қолданған болып шықты. Аталған ер адамға қатысты ҚР-ның әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 439-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды», – деді.
Халық ауладағы тамақтану орындарын көшіру тұрулы құзырлы мекемелерге бірнеше рет хат жазған. Алайда «еститін Үкіметте» құлақ асар жергілікті шешенуніктер табылмағанына күйінеді.
ПИК төрағасы Арғынбай Рысалдиев: «Бізде сыраханалар барлар бар. Оларға біз анда-санда Іргелі әкімдігімен бірге рейд жүргіземіз. Халықтың өтініші бойынша біз әр жерге хат жаздық. Аудан әкімі, аудандың Ішкі істер басқармасына...», – дейді.
Алматы облысындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде 20 мыңнан астам адам тұрады.   https://youtu.be/_t8Rs1rH8AA