Елбасы Жақып Асановты қабылдады
Елбасы Жақып Асановты қабылдады
116
оқылды
Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz. Елбасына еліміздің сот жүйесін жаңғырту барысы туралы ақпарат берілді. Кездесуде Ж.Асанов сот қызметінің сапасын жақсартуға және судьялардың жұмысына халықтың сенімін арттыруға бағытталған іс-шаралар туралы баяндады. Атап айтқанда, Жоғарғы Соттың төрағасы қазіргі кезде «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сот жүйесін реформалау бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын арттыруға бағытталған жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.