Екі бірдей есірткі алқабы табылды
Екі бірдей есірткі алқабы табылды
174
оқылды
Есірткі егушілер ел көзінен таса жердегі «Қара ой» деген алқапты таңдаған екен. Онда 20 сотық алқап арнайы дайындалған. Полицейлер осы жерден ерекше исі бар жасыл түсті 5 032 түп шөп­ті тәркіледі. «Оқиға орнында үш азамат ұсталды. Олардың біреуі – Алматы қаласының, екеуі Қызылорда облысының тұрғындары. Күдік­тілер Жаңақорған аудандық по­лиция бөлімінің уақытша ұс­тау абақтысына қамалды. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бө­лігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Онда ірі мөл­шерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң не­месе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұ­рыптарын егіп-өсіру жағдайы көрсетілген», – делінген Қы­зыл­орда облыстық Полиция де­партаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

esirtki1

Тұмар МЫРЗА