Бірінші.Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету: – 47 мың кезекте тұрғандар баспаналы болады; – 20 апатты және ескі үйден 300 отбасы жаңа баспанаға көшеді; – 125 тұрғын үй кешені мен 150 лифт жөнделуде. Екінші. Үлестік құрылыс: – 42 проблемалы көппәтерлі тұрғын үй кешенінің 13 мың үлескері жаңа пәтерге ие болады. Үшінші. Әлеуметтік сала: – инвестиция тарту мен МЖӘ арқылы 50 мектеп іске қосылады; – педагогтердің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін жыл сайын 1 100 грант берілетін болады; – «Үйдегі дәрігер» жобасы бойынша 30 отбасылық денсаулық орталығы іске қосылады; – қажетті инфекциялық стационарлар 100%- ға қамтамасыз етіледі; – жұқпалы және көпбейінді ауруханалардың, перзентханалардың, ересектер мен балаларға арналған екі оңалту орталығының, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арналған шағын отбасылық үлгідегі тұрғын үйдің құрылысы жүреді. Төртінші. Қала маңын, қоғамдық кеңістікті және аулаларды дамыту: – елорда «шетсіз қала» болады. 16 тұрғын алабында әлеуметтік нысандар, жолдар, сумен жабдықтау желілері салу жоспарланған; – елордада 50 жаңа саябақ пен гүлзар пайда болады; – велосипедшілер үшін 123 шақырым жол салынады; – 100 спорт алаңын орнатумен 500 аула абаттандырылады. Бесінші. Газдандыру: – 20 мың жеке үй табиғи газбен қамтылады; – халықтың аз қамтылған топтары үшін дотацияларды қамтамасыз ете отырып, газға көшу жоспарланған; – табиғи газға көшу зиянды заттардың шығарылуын 70%-ға қысқартады. Алтыншы. Жолдар мен қоғамдық көлік: – желідегі автобустар 300 бірлікке артады; – халықтың әлеуметтік осал топтарынан 100 мың адамға тегін жол жүру жеңілдігі сақталады; – жаңа жолдар салынып, ескі жолдар жөнделеді, оның ішінде тұрғын үй массивтері де қамтылған. Жетінші. Нөсерлік кәріз және тазарту құрылыстары: – нөсерлік кәріз желілері мен құрылыстарын, сондай-ақ тазарту құрылыстарын салу жүргізілуде және жоспарлануда; – партия су басудың 34 проблемалық орнын бақылауда ұстайды. Сегізінші. Экология: – бір тұрғынға шаққанда жасыл желектердің ауданы 20 шаршы метрге дейін ұлғаяды; – рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерімен күрес күшейе түседі; – Есіл өзені бассейнінің экологиялық жағдайы сақталады. Тоғызыншы. Қоғамдық қауіпсіздік: – жергілікті полиция институты одан әрі дамитын болады; – барлық әлеуметтік нысандар бейнебақылауға қосылады. Оныншы. Шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту: – 5 жылда 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады; – «Бизнестің жол картасы–2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша 90 миллиард теңгеге 700 жобаға қолдау көрсетіледі; – «Еңбек» бағдарламасы бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 200 грант беріледі; – 3 000 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады; – елорда тұрғындарын қолжетімді бағамен (тұрақтандыру қоры, сауда желілеріне жеңілдетілген несиелер және т.б.) бірінші кезекте қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша шаралар іске асырылатын болады. Жастарға айтарлықтай көп көңіл бөлінеді. «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына жыл сайын қаражат бөлінеді деп жоспарлануда. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 1 800 жас интернаттық ұйымдардан кейін толық сүйемелдеуге ие болады. Жастар спорт нысандарына барғанда 50 процентке дейін жеңілдік алады. Жыл сайын ТжКБ мен ЖОО-да 3 500 грант бөлінеді.