50 жастағы алматылық азамат әжетханасында қаза болды (видео)
50 жастағы алматылық азамат әжетханасында қаза болды (видео)
©Сурет интернеттен алынды
196
оқылды
Светлана Поварованың айтуынша, оқиға 31 тамызда болған. Таңғы 6.30-да күйеуі Александр ұйқыдан тұра сап, әжетханаға кіріп кеткен. Сөйтіп темекісін тұтатпақшы болып, от жаққан. Сол сәтте үй жарылып, күйеуі қайтыс болған. «Әп сәтте үйдің іші көк түтін болып кетті. Не болғанын да түсінбей қалдық. Қызымыз екеуміз әрең аман қылдық» дейді ол. Үйдің аяқасты жарылысынан әйел мен 14 жастағы қыз аман қалған.
Ал газ компаниясы Поваровалардың үйіндегі жағдайға өздерін кінәлі санамайды. Олардың айтуынша, жарылыс септикте метанның пайда болуынан шыққан. Себебі, әжетхананың суын ағызатын құдықта биогаз жиналып қалған, сол жарылып кеткен. Бірақ марқұмның туыстары бұған сенбейді.
Сонымен қатар, дәл осы аумақта жерасты газ құбырының зақымдануына байланысты тағы бір оқиға орын алған. Оған куә болған тұрғындар құбырдың дұрыс төселмеуінен көреді. [embed]https://youtu.be/Qoc96ZRG8OI[/embed]