Лукашенко Тоқаев туралы не айтты?
Лукашенко Тоқаев туралы не айтты?
341
оқылды

Беларусия президенті Александр Лукашенко украиналық журналистермен болған кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен ара қатынасын айтты.

Лукашенконың журналистермен болған сұхбаты президенттің сайтында жарияланды.

«Мен билікке енді келген ел басшыларымен көп келіссөздер жүргіземін. Айталық,Қазақстан Президенті Тоқаев. Адамдар арасында бір байланыс боулы керек. Міне, біздің арамызда өте жарқын қарым-қатынас бар, бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Ол өте білімді адам, қытай тілін уақытында меңгерген. Тоқаевқа деген құрметім ерекше, бірақ Қазақстанның Тұңғыш Президентімен де жақсы сыйласамыз,», - деді Лукашенко өз сөзінде.

Беларусия басшысы Қ.Тоқаевқа сенетінін, бәрін ашық айтатынын алға тартты. «Ол менің сөздерімді басқаларға өзгеше жеткізбейді», - деді Лукашенко.