Анасының асылып қалғанын көрген ұлы өз-өзіне пышақ салды
Анасының асылып қалғанын көрген ұлы өз-өзіне пышақ салды
Фото: Интернеттен алынды
224
оқылды
Ақтөбе облысы Шұбарши ауылында 63 жастағы зейнеткер мен оның үйленейін деп отырған ұлы өз-өзіне қол салды, – деп хабарлайды КТК. Оқыс оқиғадан ауылдастары шошып отыр. Әзірге белгілісі, 63 жастағы әйел үйіндегі газ құбырына кешқұрым асылып қалған. Анасының өлі денесін бірінші болып көрген ұлы бұл қайғыға шыдай алмай, ас үйге қарай жүгірген. Қолына түскен пышақты өзінің жүрек тұсына сұғып алады. Ауылдастарының айтуынша, 28 жастағы жігіт осы аптада үйленгелі жатыр екен. Жақында келіншегін алып қашып келген. Енді анасы мен баласын суицидке не итермелегені тексеріліп жатыр. Ауылдастары бұл отбасының жағдайы жақсы екенін айтады. Марқұм жігіт мұнай саласында жұмыс істеген екен.