Хабиб Нұрмагомедов Атырауға келді
Хабиб Нұрмагомедов Атырауға келді
190
оқылды

Турнирде үш бірдей чемпиондық белдік сарапқа салынбақ

Жеңіл салмақта UFC чемпионы дағыстандық балуан Хабиб Нұрмагомедов Атырауға келді. 

Ол бүгін 27 қыркүйек күні өткен Gorilla Fighting Championship турниріне арнайы қонақ олған. ММА-дан бөлек муайтай ережесі бойынша да үш жекпе-жек өткізілмек. Аталған кездесулер рейтингке әсер ететіндіктен, үш бірдей чемпиондық белдік сарапқа салынбақ. 

Атыраудағы спорттық шара аясында Хабибтің әкесі Абдулманап Нұрмагомедовпен де кездесу өткізілген. Ол күрестің бірнеше түрі бойынша 18 әлем чемпионын тәрбиелеп шығарған бірегей бапкер. 

Еске салсақ, Хабиб осыдан бірнеше күн бұрын америкалық Дастин Порьемен Әбу-Дабиде кездесіп, жеңіске жеткен болатын.

Осыған дейін әйгілі чемпионның алғашқы махаббаты туралы қызықты деректі жариялаған едік.