...Кімге ол күннің обалы?
...Кімге ол күннің обалы?
1,513
оқылды

Қайтыс болған сәбилердің денесін қыс бойы бөшкеге жинап, көктемде жер қазып, көміп тастағанын естігенде сенбедік. Жағамызды ұстадық. Жантүршігерлік жағдай «Мамочкино» моласында болған. Тарихқа көз жүгіртіп, өткенімізді білу үшін сол жаққа жол тарттық.

[caption id="attachment_72551" align="alignnone" width="1024"]ол ©Сурет Айтжан Мұрзанов[/caption] Дереккөз бойынша, 1939 жылдың қыркүйек пен қазан айында Карлагта 98 бала мерт болды. Сонда екі айдың ішінде 100-ге жуық бала қайтыс болған. Ал 80 жыл өтсе де, осы молада қанша бала жерленгені әлі күнге дейін белгісіз... [caption id="attachment_72546" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] «Мамочкино» моласында  – Карлаг тұтқындарының балалары жерленген. Ол Қарағандыдан 30 шақырым жерде Долинка ауылының маңында орналасқан. Тұтқындар сотталған кезде балалары 3 жасқа толмаса, анасымен лагерьге әкелінетін. Ал олар түрме жанындағы «Мамочкин дом» деген балалар үйінде болған. [caption id="attachment_72554" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
«Балалар үйінің біреуі – осы Жартас ауылында еді. Қазір оның ізі де қалмады. Сол кезде аналарға балаларын емізуге бар-жоғы 3-4 рет рұқсат етілген. Азып-тозған, қара жұмысқа салынған, аштықта жүрген келіншектерде сүт қайдан болсын?! Оның үстіне тазалығы мен күтімі жоқ, сұп-суық жерде балалардың өмір сүруі оңай емес. Сол жылдары бала өлімі жиілеп кетті...» деп еске алды Карлаг мұражайының ғылыми қызметкері Иван Кондрашев.
[caption id="attachment_72559" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] «Мамочкино» моласы орналасқан аумаққа кішкентай темір крестер қағылған. Алыстан мүлде көрінбейді. Тек жақындай келе бейіттің аты жазылған тақтайшаны көруге болады. Оны оқымай мұнда кім жерленгенін білмейсіз.
Иван Кондрашовтің айтуынша, мұражайдың қорында «1939 жылдың қыркүйек пен қазан айында Карлагта 98 бала қаза болды» деген құжат сақталыпты.
[caption id="attachment_72556" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] – Тұтқындардың айтуынша, олар қыстыгүні балаларды жерлемеген. Қақаған аяздан жер тас болып қатып қалады, ондайда қазу мүмкін емес. Сондықтан балалар үйінің жанында кішкентай ғана там болатын. Там дегені болмаса, іші тастай суық. Соған бөшкелер қойылады. Бөшкеге өлген балалардың мүрдесін жинайды. Көктем шығып күн жылығанда жер қазып, шұңқырға бөшкені тастап, көме салады. Бір бөшкеде 10-15 баланың мүрдесі салыныпты, – деді ол. [caption id="attachment_72557" align="alignleft" width="540"]ол ©Сурет мұражай архивінен[/caption] Мұражай қызметкері Иван Кондрашев «қайтыс болғандардың саны әлі күнге белгісіз» дейді. Кейбір деректерде 1931-1959 жыл аралығында Карлагта 1507 сәби дүниеге келіпті. Сол жылдары қаза болған балалар ғана емес, аналар да жерленген. Тіпті, Карлаг тұтқындарының қабірін де көруге болады. 1960 жылдары жабылған бейтін 2003 жылға дейін қараусыз қалған. Қанша қадағалағанмен, жол бойында жатқан «Мамочкино» моласы  бүгінгі күнге аман жетпеген. 260 шаршы метрді алып жатқан моланың ішінде 50-ге жуық белгі қалған. Арасында вандалдар крестің біразын ұрлап әкетіп, металл қабылдайтын орындарға өткізіп жіберген. [caption id="attachment_72558" align="alignnone" width="1024"]ол ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
«Негізі оның ауқымы бұдан да үлкен болған. Шамамен 500 шаршы метр. Зираттың жанынан Шерубай-Нұра өзені бар, қазір тартылып қалды.  Кезінде өзен моланың бір бөлігін шайып әкетті. Балалардың сүйегінде үйлер тұр» деген мұражай қызметкері сол жерде тұрған үйлерді көрсетті.
1,5 метрлік кішкентай бейіттердің бірі басқаларынан өзгешелеу көрінді. Оны белгісіз біреулер жөндеп, басына крес қойып, көк түсті шарбақпен қоршапты. Тұрғындардың арасында «мұны баласының бейітін көп жылдан кейін тапқан адамдар істепті» деген сөз бар. Ол жерде түрлі дін басылары келіп, естелік белгілер орнатқан. Арасында католик священнигі Алексий Завицкийге қойылған ескерткіш те бар. Карлагта жазасын өтеген ол 1959 жылы осы Долинкадағы ауруханада қаза болыпты. [caption id="attachment_72555" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Моладан бірер шақырым жерде «Ажал алқабы» деп аталатын жер бар. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, шамамен 1940 жылдары қыстың аязында тұтқындар мен оларды айдап келе жатқан күзет осы алқапта үсіп өлген. [caption id="attachment_72563" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
«Қарабас стансасына түскен тұтқындарды Қойбас қатаң қадағалау түрмесіне апаратын. Сонда 70 шақты шақырым жерді жаяу жүріп баратын. Боранды қыстың бірінде екі жотаның ортасында ықтаған олар үсіп өледі. Сол кезде 200-ден 700-ге дейін адам қаза болыпты» деп тарихты еске алды. 
Әлі күнге дейін Карлагта нақты қанша әйел тұтқында болғаны белгісіз. Бірақ Алжирдің мәліметіне қарасақ, онда тұтқында 18 мың әйел болған. Оның 8 мыңы өз мерзімін толық өтеген екен. [caption id="attachment_72566" align="alignright" width="435"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption]  

Карлаг құрсауы қалай қаланды?

Бос жатқан дала мен бір бүйірі құлаған, ескілігін алыстан жазбай тануға болатын қиранды баспаналарға жалғасып жатты. Уақыт көлігіне мініп, өткен ғасырдың 30-жылдарына қайтып бара жатқандай сезімде болдық. Қызыл жұлдызы бар ақ түсті, екі қабатты ғимаратты көзіміз шалды. Айнала қоршалған ауласы едәуір кең екен. Бұрын орындықтары, саябағы, гүлзары болған Карлагтың басқарма қызметкерлері демалатын аумақ қазіргіден әлдеқайда үлкен болған деседі. [caption id="attachment_72569" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Музей құрылысы қолға алынғанда, сол демалыс ауласының көлемі қысқартылып, көшірмесі қайталаныпты. Музей есігіне өтер жолдың сол қапталындағы Сәкен Сейфуллиннің «Ат» деген кім?! Атқан қайсың?! Қабірім қайда көмілген?» деген сөздері жазылған естелік тақтасына көзіміз түсіп, жүйке тамырымыз шымырлап қоя берді. Қайда келгеніміз анық сезіле бастады…

ГУЛАГ-тың ең ірі еңбекпен түзету лагерлерінің бірі, Қазақстанның Қарағанды облысында орналасқан Карлаг 1930 және 1959 жылдар аралығында жұмыс істеді. Бұл жылдары Карлагта бір миллионға жуық адам отырды деген дерек бар. Алайда Карлаг мұрағаттары әлі күнге дейін құпия болғандықтан, оның тұтқындарының санын шамалап болса да білу мүмкін емес.

[caption id="attachment_72605" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Долинка кентіндегі саяси репрессия құрбандары мұражайы қызметкерлерінің айтуынша, түрлі дерек бойынша 20 миллионға жуық адам құрбан болған сталиндік жаппай репрессияның ауқымы туралы үлкен кісілердің өздері де жете білмейді. Жабылғанға дейін Долинка Карлагтың басқармасы орналасқан орталық болған. Кезінде мемлекет ішіндегі мемлекетке баланған Карлаг қазақ жерінде орналасқанымен, тікелей Мәскеуге ғана бағынған. [caption id="attachment_72607" align="alignright" width="356"]ол Тұтқындар тізімі[/caption]

Оңтүстіктен Солтүстікке қарай – 300 шақырым, Шығыстан Батысқа қарай 200 шақырым жерді алып жатқан Карлагтың 192 лагерь учаскесі мен 26 бөлімшесі болған. Қарағанды көмір бассейні, Балқаш пен Жезқазғанның кен рудаларын игеріп, өңірді индустриалды аймаққа айналдыруда тұтқындардың күші жұмсалған.

Карлаг 1931 жылы ашылып, уақытша әскери госпитальдің ескі ғимаратынан орын тебеді. 1935 жылы құрылысы аяқталған жаңа ғимаратқа көшіп, 1959 жылы жабылғанға дейін осы жерде болған. Кейінірек 1970 жылға дейін бұл орында ауыл шаруашылық техникумы, одан соң 1990 жылға дейін балалар шипажайы орналасады. Кеңес Одағы құлағаннан кейінгі өзгерістерде Қарағанды көмір департаментінің балансына өткен бұрынғы Карлаг көп жыл жабулы күйде, қаңырап бос қалыпты.

Карлагты жандандырған Назарбаев

Қазір Карлагта тұтқында болғандардың көзі қалмады десек те болады. Көзі тірісі шетел асып кетсе, енді бірі еске алғысы келмейді. Карлаг тұтқындарымен кездесіп, тілдесіп, мұражайдың ашылуына себепкер болған журналистпен сөйлесе алдық.  Екатерина Кузнецова 80-ге таяп қалған әжей. Өткенді ейне бір кеше болғандай еске алып отыр. Оның Карлаг жайында «Карлаг: по обе стороны колючки», «Карлаг: меченые одной метой» және «Кровавый тридцать седьмой. Репрессированный Казахстан» деген кітабы бізде ғана емес, Қытай мен АҚШ-та да жарық көрді.

ол Айтуынша, Карлагқа ол алғаш 1988 жылы келген. «Көктем кезі еді, жер езіліп жатыр, маңайдың бәрі – батпақ. Кірсең шығуың қиын. Ол кезде облыстық әкімшіліктің қызметкерлері, Мәдениет басқармасының басшысы, марқұм жазушы Жайық Бектұровтан тұратын үлкен бір топ боп бардық. Оған дейін бұл ғимарат пионер лагері болған. Кейін ол жерді грек сатып алып, жөндеу жұмыстарын жасап, еденнің бәрін мәрмәрдан соғып, тау бөктеріндегі үй жасамақшы болды-ау. Артынан қаржысы жетпей, бәрі тоқтап қалды. Уақытында «Бригантино» балалардың сауықтыру орталығына айналды. Ешкім пайдаланбаған соң, ол да жабылып қалды. Терезесінің бәрі тақтаймен шегеленіп, пайдаға жарамсыз, бос  күйінде қараусыз жатты» деген ол ғимаратқа кіре алмай, сыртын айналып, қарап қайтқан екен. [caption id="attachment_72610" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
– Карлагқа деген қызығушылығым басылмай, ол жаққа бір жұмадан кейін қайта бардым. Жанымда ешкім жоқ, бір өзім. Терезенің бәрі бекітулі болған соң, маңайды айналшықтап жүрдім. Сол кезде бір терезеден жарықты байқап қалдым. Жүгіріп барып, терезені ұра бастағанымда жасы үлкен ер адам тақтайды жылжытып, маған қарай басын шығарды. «Ей саған не керек?» деді, менің ішке кіргім келеді дегеніме «Терезеден шыға аласың ба?» деді. Содан ол терезедегі тақтайларды жылжытып, арасын ашып, мені ішіне кіргізіп алды. Іші тас қараңғы ешқандай жарық жоқ. Сөйтсем, күзетшінің қолындағы фонарь сәулесін көріп қалыппын.
[caption id="attachment_72611" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Ғимараттың жер төлесіне түсіп, артынан бірінші мен екінші қабатына көтеріліп, бәрін аралап шықтым. Сонда күзетші «осы жерді күзетіп жүргеніме қанша уақыт болды. Қазір бұл жер ешкімге керексіз болып қалды. Сен Назарбаевқа хат жаз. Мынандай ғимарат жойылып барады, осыны сақтап қалу керек. Тым болмағанда мұражай етіп қояйық» деді. Өзі қазақ. Фамилиясы – Жаманбаев, осы жердің күзетшісі. Мамандығы мұғалім,  кезінде мектепте сабақ берген. [caption id="attachment_72614" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев Министрлер кеңесінің төрағасы болған. Кезінде ол Қарағандының Обком партияның екінші хатшысы болғанда жұмыс бабымен білетінмін. Содан әкіммен сөйлесіп, Назарбаевқа «ол жерді мұражай ету керегін және репресссияға ұшырағандарға зейнетақысын өсіруін сұрап» хат жаздым. Бірақ содан кейін олардың зейнетақысына 50 сом қосылғаны бар, – дейді Екатерина Борисовна. [caption id="attachment_72620" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Нәтижесінде, 2010-2011 жылдары Карлагтың бұрынғы ғимараты қайта жөндеуден өткізіліп, Долинка кентінің қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейі ашылған. Кенттегі көп ғимарат Қарағанды еңбекпен түзету лагері тұсында салынған. Бұрын тұтқындар тұрғызған барак үйлер, әскери қызметшілердің баспаналары қазір тегіс халық тұратын тұрғын үй нысандарына айналыпты. Мәселен, 1927 жылы салынған госпитальде қазір Долинка кентінің әкімдігі, полиция және пошта қызметі орналасқан. [caption id="attachment_72616" align="alignnone" width="1024"]ол Офицерлер үйі[/caption]

Түзетудің жалғыз түрі – еңбек

 – Сол кезде жасым 40-қа таяп қалған. Бойымда үрей атауымен жоқ. Ешкімнен де, ештеңеден қорықпайсың. Ауылдың іші Карлаг тұтқыны мен бұрынғы күзетшіге толы еді. Себебі, олардың қай-қайсы болсын басқа жаққа кетуіне тыйым салынған. Сондықтан олар осы жерде қалды. Тек қазақ емес, өзге ұлттың өкілі де көп болды. Соның бірде бірі ол күндер жайында тіс жармайтын. Қамаудан шыққан тұтқындар ол жайында «25 жылға дейін ешқандай ақпарат таратпауға жауапкершілік алып, ресми құжатқа қол қойған». Қандай да бөлек бір сыбыс шықса, сол адам түрмеге қайта 25 жылға тоғытылантын еді. Өткен күндер жөнінде ақпарат жинау үшін қанша үйдің табалдырығын тоздырдым. Әуелде тіксініп, жанына жолатпағандар уақыт өте өздері келіп айтатын болды. Соның ішінде қазақтар тәуелсіздік алғаннан кейін айта бастады, – дейді әжей. [caption id="attachment_72617" align="alignnone" width="1024"]ол тұтқындар бөлмесі[/caption] Оның айтуынша, Карлагқа Отанына сатқындардың отбасы мүшелері ғана емес, 1935 жылдың 7 сәуірінен 12 жасқа толған балаларды ұрлық, қарақшылық және тонау үшін жазалайтын жарлық шықты. Тіпті, оларды атып тастауға да рұқсат етілді. 1940 жылдың 10 желтоқсанынан бастап - теміржол желілерін бұзғаны үшін де жазаланған. [caption id="attachment_72618" align="alignnone" width="1024"]ол Әйелдер камерасы[/caption]

«Олар 1931-37 жылдар аралығында түрмеге негізі жап-жас балалар мен қарттарды жапқан. Сол қарттар 1917-18 жылдары көтеріліс кезінде 20-30 жастағы жастар болған. Олар бұрынғыны ұмыттыру мақсатында бәрін жойып, қазақтың көзі ашық емес, жабайы халық дегенді сіңіргісі келді. Әйтпесе нағыз зиялы қауым – қазақ халқы. Алашордашылардың өзін алыңыз. Бұл сол кезде Кеңес Үкіметі өтірікті шындыққа айналдырғысы келді.  Ал қазақ интеллегенциясы оларға сенеміз деп, алданып түсті» деген журналист қаншама арыстың өмірінің қыршын кеткенін айтты.

[caption id="attachment_72619" align="alignright" width="439"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Әңгіменің шындыққа жанасатынын музейге кірген жерден байқауға болады. Келушілерді «Қираған шаңырақ» көрінісі мен лэд-экрандағы Н.Назарбаевтың «Алжир» музейінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзі қарсы алады. Қазақ үшін қасиетті саналған шаңырақтың сынған бейнесін екі бүйірінен қысып тұрған қара тас тоталитарлық режимнің қанша қазақ отбасының отын өшіріп, кие тұтқан дүниесінен түгел айырғанын көрсетеді.

Дәліз төбесін жағалай орнатылған шамдар өткен ғасырдың 30-40 жылдары Долинка кентіндегі көше бойларына қойылып, лагерьлік периметрді қоршаған жарық бағандарынан сақталған жәдігер екен.

Карлагтың бірінші қабаты қазақ жерінде қолдан ұйымдастырылған аштық, күштеп көшіру, жазықсыз қамау шараларының қалай басталғанын суреттейтін бірнеше залдан тұрады. Түзетудің жалғыз түрі – еңбек. 1918 жылы 2 қыркүйек күні «Қызыл қырғын» туралы қаулы шығады. Дәл осы құжаттан бастап қуғын-сүргін машинасы іске қосылған. Ұлт зиялылары, бай кулактардың ұрпақтары, діндар азаматтар, ақын, жазушы, ғалым тегіс түрмеге тоғытылды. Адамдар ақылға қонбайтын себептермен ұсталып, тұтқындарға азаптау әдістері арқылы кінәсі мойындатылған. [caption id="attachment_72575" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Тергеуші мен күзетші кезекшілік бойынша ауысып отырғанымен, тұтқынға ұйықтауға рұқсат берілмей, тоқтаусыз тергеп-сұрау жүргізіле берген. Бір аптаға дейін ұйықтамай, жаттанды сұрақтар қайталана бергеннен, есінен адаса бастаған тұтқындар еріксіз айыбын растайтын қағазға қол қойып берген. Карлагта барлығы 11 басшы болған. Олардың алтауының суреті табылып, музейдегі Карлаг басшысының кабинетіндегі үстелге қойылыпты. Жауыздық шеңгелінің тізгінін ұстаған қалған басшылар туралы деректер іздестіріліп жатқан көрінеді. Ғылыми зерттеу жұмыстарына арналған залда ғалымның экспонаты қойылған. [caption id="attachment_72577" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Оның үстіне киген киімдерінен бөлменің суық әрі сыз болғанын байқауға болады. Карлагтағы ауыр тұрмыс пен денсаулыққа орны толмас зардап шектірген жағдайға қарамастан, бірқатар ғылыми жаңалықтар ашқан зерттеушілер болған. Музей қызметкері «Олар отбасынан айырылған қайғысын ұмыту үшін жұмысқа жанын сала кіріскен» дейді. Карлаг тұтқындарының бірі Александр Чижевский ауаны иондар арқылы тазартатын «Чижевский шамын» ойлап тапқан. Нобель сыйлығына үміткер болған ғалым өнер ­табысының нұсқасын осы бөлмеден көруге болады. [caption id="attachment_72579" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption]

Тұтқындардың зардабы

«Отанын сатқан», «қоғамға қауіпті» азаматтардың әйелдері мен балалары еңбек пен түзету лагерьлеріне жеткізілген. Бүлдіршінді балалар үйіне жібереді. Музейдің осындай тағдыры ауыр нәрестеге арналған бөлмесінде балалар үйінен жеткен хаттар бар. Тәрбиешінің қадағалауымен жазылатын хатта балалар жағдайы жақсы, қарны тоқ, оқу үлгерімі жоғары екенін айтады. Тоғытылған әйелдердің ішінде көргенде көз сүйсінетін сұлуы көп болған. [caption id="attachment_72581" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption]

Лагерь қызметкерлері оларды өзінің күңі болуға мәжбүрлеп, қалауын орындамаса «трамвай» деп аталатын жаза қолданады екен. Абыройын өмірінен жоғары қойған, қаныпезерлердің қолқалауына көнбейтін әйелдерге зорлық-зомбылық көрсеткен. Долинка кентінің Садовая көшесінде тұрған Полина Остапчук – Украина тумасы. Жұмыста аяғы ауыр әйелге болысамын деп, басшылықтың қаһарына ілігіп, Карлагқа жөнелтілген. Түрме басшысының «трамвай» жазасын қолдану туралы уәдесінен қорқып, оның ұсынысын қабылдауға мәжбүр болған. Әлі тұрмыс құрмаған балғын қыз осылай Карлагтың өткір тырнағына ілініп, лагерьде ана атанады. Полина әжейдің әңгімесін жеткізген музей қызметкері қазір ол кісінің өмірден өткенін ескертті.

[caption id="attachment_72621" align="alignleft" width="485"]ол Жұмыс істеу бөлмесі[/caption] Екатерина Кузнецова тұтқындардың тағдырын шешкен айрықша бөлімнің басшысы Поповпен жүздескен. Ол төрт жыл соғыстан кейін Батық бөлімін басқарып, сол жақтан ауысып келіпті. Әуелде, ол тек тұтқында болған қылмыскер жайын айтты. Ал 58-бап бойынша сотталғандар туралы сөз қозғағысы келмей, қашқақтаған.
«Бағыма орай, арғы бөлмеден әйел шықты да, «Сен бұл жерде кімді алдап отырсың! Бар шындықты айт! оларға көрсетпегені жоқ» деп айқай салды. Сөйтсем, ол оның келіншегі екен. Ол да Карлагта болған» деп оның әйелдер бөлімін басқарғанын айтты.
[caption id="attachment_72623" align="alignnone" width="1024"]ол Тергеу бөлмесі[/caption] – Карлагта туған балалардың жайын білгім келді. «Біз жаңа туған нәрестені 2 жасқа дейінгі Долинкадағы балалар үйіне тапсыратынбыз. Оларды одан кейін мектепке дейін басқа балалар үйіне ауыстыратын. Артынан облыс аумағындағы өзге балалар үйіне таратып жіберетін» деп олардың туу куәлігінде «туған жері: Долинка, анасының есімі, әкесінің бағаны толтырылмайды» екен. Зиялылардың балаларын көбіне лагерь қызметкерлері асырап алып, өз атына жазып алыпты. Дегенмен көбісі әке-шешесін білмей өткен. Кейін тәуелсіздік жылдары ата-анасын тауып беруге көмек сұрап хабарласқандар көп болды. Негізі Карлагтың бүкіл архиві қалалық ішкі істер министрлігіне қарайтын информациялық орталықта болған. Ал қазір ол облыстық прокуратураның қарамағына өтті, – дейді ол. [caption id="attachment_72624" align="alignnone" width="1024"]ол тұтқындардың жұмысы[/caption]

 Азапталған тұтқындар

Бірінші қабаттан жертөлеге түстік. Баспалдақтар ескі, қабырғада тасқа қашалған түсініксіз бейнелер бар. Қараңғылықты тыйып, жарықтың да еркін таралуына жол бермейтін бір түсініксіз күңгірт шамдар орнатылған. Бөлмелерге XX ғасырдың 30-40 жылдары Долинка кентіндегі абақтыларда болған есіктер қойылған. Бір жағы – ағаш, екінші беті – темір, ортасына бетон құйылған ауыр есіктерде тұтқынның қимыл-қозғалысын бақылап тұратын саңылау мен бір мезгіл тамақ беретін «кормушка» терезесі бар. [caption id="attachment_72589" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Бірінші бөлмеге кіргенде-ақ музей қызметкері «Қолда бар деректерге қарағанда, қазір біз аралап жүрген ғимаратта тұтқындар камерасы мен азаптау бөлмелері болмаған, бұл – басқарма мекемесінің ғимараты» деп ескертті. Кірген бөлмеміз карцер екен. Тарихи деректерге сәйкес, Карлаг карцерінің ені – 1,5, ұзындығы – 2 метр болған. Біз кірген бөлме үш-төрт карцер сыятындай кең екен. [caption id="attachment_72590" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Музей қызметкері біз тұрған жер құрылыс кезінде тарихи құжаттарға сүйеніп жасақталған бөлме екенін есімізге салды. Карцерге еңбек тәртібін бұзғаны, камерада бірге отырған тұтқындармен сөйлескені, есікке арқасын беріп тұрғаны үшін де тасталған. Жарық пен жылуы жоқ бөлмеде дәрет сындыруға қойылған жалғыз шелектен басқа ештеңе таппайсыз. Орнынан тік тұратын, 1-2 сағат тас еденде көз шырымын алатын тұтқынға күніне бір мезгіл 200 грамм қара нан мен 1 шыны ыстық су берілген. Үш күнде бір ыстық тамақ жеткізіліп тұрыпты. ол
– Карлаг тұтқындарының айтқанын естігенде жантүршігеді. Олар өлместің күнін көрген. Қашанда аш жүретін тұқындар төгілген қоқыстың ішінен тіскебасар іздеп, жеген. Бірде оларға бұзылған балық беріп, бәрі уланып ауруханаға түскен. Сол кездерде жаппай қырылған екен. Бұлардың негізгі тағамы – арпадан жасалған ботқа. Малға беретін, тазаланбаған, тас-тас күйінде дайындаған ботқаны тұтқындар өз арасында «қой көз» деп атап кеткен, – деп еске алды Екатерина Борисовна.
[caption id="attachment_72594" align="alignright" width="478"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Қабырға кірпіш емес, табиғи тастан қаланған. 2010-2011 жылдары жүргізілген күрделі жөндеу жұмысы барысында цемент аралас сылақпен өңделген қабырғаның бір бөлігін құрылысшылар қол тигізбей қалдырыпты. Қазір ол жер Карлаг басқармасы мыңдаған тұтқынның қолымен тұрғызылғанын айғақтайтын экспозиция болып тұр. Әйелдер мен ерлер камерасы бір жерде болмаған. Бір дәліздің бойында ерлер мен әйелдердің қатар ұсталғанын тек музей бөлмелерінен көруге болады. Әйелдер камерасындағы экспонат киімінің кеуде тұсына інжіл жасырылыпты. Бұл діни сенім мен өзіндік көзқарасқа орын болмаған атеизм дәуірінің қиындығынан көрініс береді.

Жетпіс жылдан кейінгі ақиқат

 Карлаг ауылшаруашылық лагері болған соң Қарағандыда қатарынан салынды. Сол жылдары Сталиннің көмір өндіру бассейні жайында қаулы шыққанда жан баққанның бәрі жан-жақтан ағыла бастады. Ашаршылық кезінде бұл жалғыз жұмыс көзі еді. Шахтаға жұмысшының көбейгені соншалық ақырында тамақ та қалмай қалды. Сонда Қарағанды болысы Көкшетау аудан бөлімшесінің бастығы Кәрібоз Шектібаев қолдағы бар малды жұмыскерлердің тамақтануына сойып берген.  Ол болмағанда шахтадығалар аштан өлетін еді. Бірақ бұл әрекет бірден Кеңес үкіметінің бақылуына түсіп, оны бірден соттап жіберген. 1938 жылдың 9 наурызында Алматыда атылған. Ал үй ішіне оның екіжақты өкпе қабынуынан көз жұмды деп 1944 жылы хабар берген. [caption id="attachment_72627" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] – Оның тағдырын мен де білмедім. Бір күні Астанадан, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласынан хат келді. Жас бала атасы жайында білгісі келетінін айтқан. «Қарағандыға кел, іздестіреміз» дедім. Сөйтсем, ол Кәрібоз Шектібаевтың шөбересі Әнуар екен. Өзі атасының атына жазылыпты. Архив қағаздарында оның 1897 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданында туыпты.1930-32 жылдары Қарағандының қалалық кеңестің төрағасы қызметін атқарды. Мұнан былай оны жоғары қызметке Солтүстік Қазақстан облысына жөнелтті, бірақ мансабының өсуі оған бақыт әкелмеді. 1937 жылдың 25 сәуірде тұтқындалып кеткен. [caption id="attachment_72629" align="alignnone" width="1024"]ол Тұтқындардың жұмыс құралы[/caption] Қазір Әнуардың екі баласы бар. Оның Әкесі Өрікбай Талдықорғанда тұрады, –  деген Екатерина әжей оның сол жылдары киген пальтосы сақталып тұрғанын тілге тиек етті. Міне, осындай тұлғалардың қаншасы азаптау камерасында азаталды. [caption id="attachment_72596" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Азаптау камерасы екі бөлмеден тұрады. Ішкі бөлмеде төбеге «ласточка» деп аталатын темір кісендер ілінген. Жазаланушының екі қолы соған керіліп, соққыға жығылған. Шаршап, есінен танып қалса, жерде тұрған шелектен мұздай су шашып, оятып алып, көрген құқайын қайта жалғастырады екен. Азапқа шыдамай жаза үсті жан тапсыратындар кездессе, оларды екінші бөлмеге апарып, қағазға тіркеп отырған. Карлаг тарихында ату жазасы мен қудалау жоспары асыра орындалған 1937-1938 жылдары лагерь басшылығын қолына алған Николай Ежов азаптау бөлмесінде уақыт өткізгенді ұнатқан көрінеді. Қол астында тапсырмасын бұлжытпай орындайтын қызметкерінің көп болғанына қарамастан, жазалауға өзі қатысқан екен. [caption id="attachment_72599" align="alignnone" width="1024"]ол ©Айтжан Мұрзанов[/caption]

Офицер де адам

Құпия зындан Келесі бөлмеде жер астына орнатылған құдықтан басқа ештеңе жоқ. Беті темірмен шегенделген, түбі көрінетін зынданға ер адамның экспонаты отырғызылыпты. Музей қызметкері бұл зындан туралы бұрын ешкім білмегенін, ғимараттағы жөндеу жұмыстары кезінде табылып, оның құпиясын анықтауға арнаулы зерттеу тобы құрылғанын айтты. Долинка тұрғындарына сұрау салғанда, Карлаг дәуірінің куәгерлері «басқарма асханасында жерден қазылған тоңазытқыш ретінде қолданылған» деген дерек берген. Бірақ қазба жұмыстары үстінде жазуы бар кірпіш пен тұтқын киімінде болатын реттік нөмір жазылған ақ мата табылыпты. [caption id="attachment_72601" align="alignnone" width="1024"]