Келісімге қол қойды
Келісімге қол қойды
187
оқылды

Талдықорған қаласында Ал­маты облысының кәсіп­кер­лер палатасы мен Пре­­­­зидент жанындағы Мем­­­­­­­лекеттік басқару акаде­мия­­­­­сының Алматы облысы бойын­­ша филиалы арасында ке­лісім­ге қол қойылды.

Келісімде басқару қызметі саласына мамандарды даярлау мен оқыту қарастырылған. Кез келген компанияның табыс­ты­лығы оны басқарудың тиім­ді­лігіне тікелей байланысты.

Палата мен академия фи­лиа­лы арасындағы өзара ын­ты­­мақтастықтағы жемісті қа­рым-қатынас басқару қыз­меті саласындағы маман­дар­­ды өз міндеті бойынша жауап­кер­ші­ліктен қашпауға, қолайлы жағдайлар жасауға, мақсаттарға қол жеткізудің нақты жолдары жә­не оларға қол жеткізудің жос­­парларын анықтауға, өз жұ­­мысының ұзақмерзімді тиім­­ділігін ескере отырып, ай­­на­­ласындағылармен өзара тү­сі­­­­ністіктегі әрекеттер жасауға ық­пал етеді.

Әрбір кәсіпкердің жеке өзі мен тұтастай компанияның тиімділігін арттыру мақсатында келісімге қол қою аясында 4.0 нұс­қасындағы «тиімділігі жо­ғары адамдардың 7 дағдысы» бағ­дарламасының тұсаукесері де өтті. Бұл бағдарлама бүкіл әлем бойынша жеке өсу мен дара көш­басшылық саласындағы ең нәтижелі шешімдердің бірі ретінде мойындалған.

Бағдарлама қызметкерлердің жеке тиімділігін түбегейлі арт­тыруға, оларды маңызды басым­дықтарды жүзеге асыруға үйретуге, назарларын осы басымдықтарға шоғырландыруға, терең жүйелі жоспарлау дағдыларын дамытуға, коммуникацияда командалық шешімдер қабылдауға, болашақ көшбасшыларды дамытуға және тағы басқаларға негізделген.

Келісімге қол қоюға қатыс­ты шараға Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысының прокуратурасы, Құ­қықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Алматы облысы бойынша бас­қармасы, Алматы облысының Әділет департаменті, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалы, Алматы облысы бойынша заң кеңесшілер палатасы, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, сондай-ақ коммерциялық ұйым­дар мен кәсіпорындар бас­шы­лары қатысты.


Болат АБАҒАН,
Алматы облысы