Батаға бай қариялар
Батаға бай қариялар
293
оқылды

Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері бас­қармасы, қалалық «Руха­ни жаңғыру» кеңсесі мен қалалық ардагерлер ке­ңе­сінің ұйытқы болуы­мен «Батаменен ел көге­рер» байқауы өтті.

Көпті көрген данагөй қартта­ры­мыздың өнегелі өмірін үлгі етіп, ғибрат боларлық сөздерін жас ұрпақтың бойына сіңіріп, жас­тарды имандылыққа тәрбие­леп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көр­сетуді үйрету мақсатында ұйым­­дастырылған байқауда ақса­қал­­дарымыз бата беру сайысына түсті.

Жұрт арасында ерекше қы­зы­ғу­шылық тудырған байқауға келген қала тұрғындары мен қо­нақтары батаның түр-түрін естіп, таңдай қақты. Ал арнайы жасақталған қазылар алқасына кіл мықтының арасынан нағыз мықтыны анық­тау қиынға соқты. Үміткер Тәңір­берген қарияның қос бірдей келіні сахнада сәлем салып, гүл ұсын­ға­ны­на көрер­мен­дер сүйсінді.

Сәлем батасы, ас қайыру ба­та­сы, қалжа батасы, соғым бата­сы, ат қою батасы, беташар батасы сын­ды түрлі баталарды қайыр­ған ақсақалдар ойының ұш­қыр, тілінің шұрайлылығынан жұрт қазақ тілінің құнарлы әрі бай екен­дігіне тағы бір рет көз жет­кіз­ді.

Қаладағы Абай, әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарынан 8 батагөй қария қатысқан байқау қорытындысы бойынша І орынға Қол­дасбек Төлегенов лайық деп та­нылса, ІІ орынды Исенбек Битаев иеленді. Жүлделі ІІІ орын­ды Жұрынтай Әбілдаев жеңіп алды.

Сайыс жеңімпаздарына қар­жы­­лай сыйлықтар беріліп, бар­лық қатысушыларға ын­та­­ландыру сый­лықтары табысталды.

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбаевтың айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген байқауда ұлттық салт-дәстүр ардақталып, бата беру барынша дәріптелді. «Атадан бата алмаған үй болмас,   ордадан үлгі алмаған би болмас» дегендей дәс­тү­рімізді дәріптеп, батаны қайта жаңғыртқан мұндай шара­ның жастарға берер өнегесі мол, тәлімі жоғары» деп атап өтті ол.

 

Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы