Ішкі істер министрі: Тергеу оқшаулағышына түскен күдіктінің шашын алатын бұйрықтың күшін жойдым
Ішкі істер министрі: Тергеу оқшаулағышына түскен күдіктінің шашын алатын бұйрықтың күшін жойдым
137
оқылды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тергеу оқшаулағышына қамалған күдіктілерге қатысты пікір білдірді.

— Қолданыстағы бұйрыққа сәйкес, тергеу ошаулағышында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында шаш 1,5 сантиметрге дейін қиылады, тақырлап алынбайды. Аталған бұйрықтың күшін жою туралы шешім қабылдадым. Сот шешіміне дейін, адам колонияға орналасқанға дейін бұл шараға оған қолданылмайтын болады. Кеше консилиум өткіздік, ­— деді министр.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Күдебаевтың ісіне қатысты дәрігердің шашын тықырлап алып тастағаны қоғамда қызу талқыланған болатын.