«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 39 689 өтінім қабылданды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 17 қыркүйектегі жағдай бойынша қарыз алуға 461,341 млрд теңге сомасына 39 689 өтінім қабылданды.
Нәтижесінде 267,691 млрд теңге сомасына қарыз беруге 22 847 өтінім мақұлданды.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-на + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласа аласыз.
Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.