Театр ашық, ал кинотеатр неге жабық?
Театр ашық, ал кинотеатр неге жабық?
135
оқылды
Әзірге ашық аспан астында ғана көпшілікпен бірге фильм та­ма­шалауға рұқ­сат бар. Ал жұрт сағы­нған дәстүрлі кинотеатрдың жұ­мы­сын жалғастыруға рұқсат бе­рілмеді. Тауарлар мен көр­сетілетін қыз­меттердің сапасы мен қа­уіп­сіз­дігін бақылау комитетінің рес­ми өкі­лі Ержан Байтанаев мәдени-бұ­қаралық іс-шараларда адамның көп жиналатындықтан, арақашықтық сақ­­тау қиынға соғатынын айтып отыр.
Коронавирус инфекциясы ауа ар­қылы таралатындықтан, кино­залдардың ішінде нормативті пара­метрлер сақталуы шарт. Ауа алмасу да тиісті көлемде жүруі керек. «Театр­ларда көрермендердің үстінен бақылау жүргізіледі. Орындарынан қозғалмауы қадағаланады. Ал кинотеатрларда жарықты өшіреді де, сеанс басталған соң зал бақылаусыз қалады. Көрер­мендер емін-еркін қозғалып, орын ауыстырып жүруі мүмкін. Бұл – тә­уе­кел. Одан қалса, театрлардағы қо­йылымның ұзақтығы 40-50 минут бол­са, фильмдер 2 сағаттап болады», – дейді ресми өкіл.
Сонымен бірге азаматтар әлеумет­тік қашықтық сақтауды үйреніп, бетперде тағуды әдетке айналдырса, эпидемиологиялық жағдай реттелсе, жақын арада кинотеатрлар жұмысын жалғастыруы да мүмкін. Нысанның ашылуына рұқсат беру үшін бекітілген алгоритмдер бар. Соған анализ жа­сау арқылы шешім қабылданады. Кино­театрлар мына шарттар сақталған жағ­­дайда ашылуы мүмкін: залдың 70 па­­йызы ғана толуы керек, вентиляция талаптары сақталып, кинозалға кі­ре­берісте дезинфекциялық кілем тө­селуі тиіс. Сонымен қатар сеанстар ара­лығын ұзарту керек. Өйткені сол ара­лықта залға дезинфекциялық құ­рал­дардың көмегімен тазалық жұ­мыстары жүргізілуі міндетті. Залға та­мақ алып кіруге болмайтынын да ескеру қажет. Алдағы уақыттағы ах­уал­ға қарай, ки­­но­театр жұмысы жан­дануы әбден мүмкін.  

Исмаил ҚУАНЫШ