16 жасында жоғалып кеткен қыз 9 жылдан соң табылды
16 жасында жоғалып кеткен қыз 9 жылдан соң табылды
© сурет иентернеттен алынды
133
оқылды
9 жыл бұрын 16 жастағы қыз оқуға емтихан тапсыруға Алматыға кетіп, содан із-түссіз жоғалған, деп хабарлайды Tumba.kz. Осы жылдар ішінде ата-анасы қыздан еш хабар ала алмаған.
"Қанша уақыт өтсе де іздеу ісі жабылмайды, сондықтан жоғалып кеткендерді іздеу жалғаса береді. 12 және 15 жылдан кейін жоғалған адамдар табылып жатады. Бұл жолғы қыз да ұзақ уақытқа жоғалған, сондықтан оны ата-анасы мерт болды деп санаған, - дейді полициядағылар.
  Қыз Алматыдан табылған, ол осы мегаполисте жоғалып кеткен. Қыздың жоғалуына осы қалада оқуға тапсырған емтиханнан құлауы себеп болыпты. Қыз бұл туралы ата-анасына айтуға ұялып, үйдегілердің көзіне көрінбеуді жөн деп тапқан. Ол, міне 9 жылдан кейін ғана үйіне қайтып келіп отыр.