«Жаратылыстану» факультеті бойынша1. «Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасына:
кафедра меңгерушісі – 1; профессор -1; доцент-1, аға оқытушы (математика-1, физика-2) – 3; оқытушы (химия) -3.
2. «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасына:
профессор-1; доцент-2; аға оқытушы (стандарттау және сертификаттау-1, ветеринарлық санитария-1) -2; оқытушы (ветеринарлық санитария) - 2.
3. «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасына:
профессор-1; доцент - 2; аға оқытушы-1; оқытушы-1.
4. «Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасына:
профессор-1; доцент (ауыл-
шаруашылық пәндер) -1; аға оқытушы (агрономия-1) –1; оқытушы (биология) - 2.
5. «Туризм, география және тарих» кафедрасына:
профессор -1; доцент – 2; аға оқытушы (туризм-2, география-1) – 3; оқытушы - 1.
«Білім» факультеті бойынша: 1. «Жалпы педагогика» кафедрасына:
профессор -1; доцент -1; аға оқытушы- 3; оқытушы-2.
2. «Филология» кафедрасына:
профессор -1; доцент -2, аға оқытушы (орыс тілі) – 2; оқытушы - 1.
3. «Шетел тілдері» кафедрасына:
кафедра меңгерушісі-1; профессор-1; доцент -2; аға оқытушы (ағылшын тілі) -3; оқытушы (ағылшын тілі) – 2.
4.«Шығармашылық мамандықтар» кафедрасына:
профессор – 2; доцент -2; аға оқытушы (денешынықтыру) – 2; оқытушы-1.
«Экономика және құқық» факультеті бойынша:1. «Құқықтану» кафедрасына:
профессор-1; доцент-3; аға оқытушы-1.
2 «Экономика және басқару» кафедрасына:
профессор-1; доцент -2; аға оқытушы-1.
3. «Қаржы және есеп» кафедрасына:
профессор -1; доцент -1; аға оқытушы -2; оқытушы-1.
Конкурсқа қатысушы тұлғаларға (біліктілікке) қойылатын талаптар:Кафедра меңгеруші:Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, PhD дәрежесі, білім ұйымдарындағы басшылық қыметте немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.
Профессор:Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, «доцент» ғылыми атағы, PhD дәрежесі және ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 жыл немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай «профессор» ғылыми атағы болуы тиіс.
Доцент:Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, «доцент» ғылыми атағы, PhD дәрежесі және ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 жыл немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай «доцент» ғылыми атағы болуы тиіс.
Аға оқытушы: Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы қызметінде кемінде бір жыл немесе мамандығы бойынша (қызмет бейіні бойынша) нақты еңбек өтілі кемінде 5 жыл немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.
Оқытушы: Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл немесе магистр академиялық дәрежесі болуы тиіс.
Барлық конкурсқа қатысушылар білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы» , «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын және басқа да білім беру саласының нормативтік-құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар үшін төменде көрсетілген құжаттар тапсырылуы қажет:
Ректордың атына өтініш;
Кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
Өмірбаян;
Жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);
№ 086 нысанындағы медициналық анықтама;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
Білім беру бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);
Наркологиялық және психоневрологиялық ұйымнан тіркеуде тұрмайтыны туралы анықтамасы;
Осы жоғары оқу орнында жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу немесе еңбек шарты бойынша лауазымды атқару үшін жоғары оқу орны басшысының атына өтініш, мінездемесін, егер болған жағдайда ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімін береді.
Өтініш беру мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде. Құжаттарды қабылдаудың аяқталатын күні – 20.10.2020ж., уақыты – сағат 18.00-ге дейін.
Құжаттар көрсетілген мекенжайда қабылданады:
Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі №69 б, Ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі
тел.: 54-11-24; ұ.т.: 8 775 808 37 75