Елімізде адам саудасының құрбаны болғандардың басым бөлігі – 18-25 жас аралығындағы қыз-жігіттер. Не болмаса 30 жастан асқан азаматтар. Бізде негізі адамды қара жұмысқа салу "жақсы дамыған". 1 139 адам осының құрбаны болды. Ал жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны 708 адам екен. Бұл дерек – 2004 жылдан 2019 жылға дейін санақ.
Ал Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таевтың сөзінше, хабар-ошарсыз кеткендердің саны бүгінде 1 200-ге жеткен. Оның 22-сі бала екен. [caption id="attachment_74347" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Жалпы, із-түссіз жоғалғандар дерегін іздеп табу қиын. Алайда «адам саудасының құрбанына айналып, құлдыққа түсуден ешкім сақтандырылмаған», – дейді «Қорғау-Астана» қорының басшысы Анна Рыль. Осы күнде адам саудасы өткір мәселеге айналды. Себебін қор басшысынан сұрауға тырыстық. – Коронавирус пандемиясы бізді ғана емес, бүкіл әлемді дүрліктірді. Әрбір елдің экономикасына, хал-ахуалына әсер етті. Тіпті, қылмыстық әлемді сілкіп алды. Осы жағынан келгенде адам саудасына пандемияның әсері қандай болды? [caption id="attachment_74349" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Шынын айтсам, ешқандай әсері болмады. Адам саудасының құрбаны болған жандар азайған емес. Қазір қылмыскерлер жағдайға байланысты ыңғайланып, ебін тауып алды. Бұрын қыз-келіншектер еркін көшеде жүріп, қалаған көлігіне отырып кездессе, бүгінде олардың қызмет көрсету үлгісі өзгерген, бәрі онлайнға көшкен. Әрине, бұрын да интернетті пайдаланатын. Бірақ қазіргідей тапсырыс беру, қызмет көрсету, ақысын төлеу онлайнға көшпеген еді. Сол жағынан қылмыскерді ұстау, қылмысты ашу қиынға соғып отыр. Бәрін жоққа шығаруға болмайды, шама-шарқынша жұмыс істеліп жатыр.[caption id="attachment_74352" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]Оның үстіне, жезөкшелікпен айналысатындардың басым бөлігі – иммигранттар. Ал олардың көбі карантин кезінде шекарадан өте алмай, еліне оралмай қалды. Құрылыс жұмыстарының басылғаны болмаса, тоқтамады. Соған орай, ешқандай тексеріс те жоқ.
Жасөспірімдердің құлдыққа түсуінің бір жолы – әлеуметтік желі
[caption id="attachment_74354" align="alignleft" > ©Сурт интернеттен алынды[/caption] – Онлайн дегеніңіз қалай? Оның қандай да бір жолы бар ма? – Қазір қыз-келіншектерді әдемілеп киіндіріп, бояп, танымайтындай етіп сәндеп жібереді. Сол күйде суретке түсіріп, сайтқа немесе Telegram каналға енгізеді. Кейбір жеңгетайларда кәдімгі клиенттік база жинақтап қойған. Суретті соларға жіберіп, тауарын жарнамалайды. Соңғы кезде Telegram каналы арқылы жұмыс істеу кеңінен таралды. Өйткені одан кімнің жұмыс істеп жатқанын анықтау қиын. Қажеті болса клиент каналға кіріп, тапсырыс қалдырады. Бірден байланысқа шыққан олар оның талап-тілегін біліп, өз шартымен таныстырады. Біреуі – қызды пәтеріне алдыртса, енді бірі өзге жерде кездеседі. Ал қызмет үшін ақысын Kaspi Gold немесе өзге терминал арқылы аудара салады. Арада қолма-қол ақша жүрмеген соң, жыныстық қатынас үшін төленді деуі дәлелсіз. Сонымен қатар Web модель секілді қызығушылық пайда болды. Оның құрығына жасөспірімдер ілініп жатыр. [caption id="attachment_74355" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Web модель деген не? Ол қалай жұмыс істейді? – Ол да интернет арқылы онлайн форматта өтеді. Мәселен, ер адам үйінде отырып алып, тапсырыс береді. Онда да жасөспірімдерге. Жеткіншекке ел алдында тиісіп, масқара болғаннан гөрі ешкім көрмейтін жерде тиіскені қолайлы емес пе?! Ал желінің арғы жағындағы қыз оның айтқанының бәрін екі етпей істейді. Баланың бұған кіруі – білместік. Себебі біз ашық қоғамда өмір сүреміз.Бұрын баланы суретке түсіру үшін арнайы фотосалонға апаратын, кейін фотоаппарат болғанымен екінші біреу түсірмесе, өзін-өзі түсіре алмайтын. Қазір бәрі қолжетімді. Жасөспірімдер өз ортасында өзін-өзі суретке түсірмей тұрмайды.
Суретке түсу – мәдениетіміздің бір бөлігіне айналып, қанымызға сіңіп кеткен. Балалар өзін-өзі суретке еркін түсіре береді және үлкендерге еліктеп суретке әдемі түскісі келетіні тағы бар. Қызық үшін арасында иығын ашып, кеудесін жалаңаштап түсіп те жатады. Ол сурет біреуге жіберілмесе де, әлеуметтік желіге салынуы мүмкін. Ал оны кез келген адам көре алады. Сол көрген адамның фотоны қандай мақсатта пайдаланатыны белгісіз.Кейбірі өзін-өзі қанағаттандыру мақсатында интернет арқылы түрлі сайттарға кіріп, жасөспірімдердің суретін іздейді. Оның арасында пайда тапқыш жеңгетайлар да бар. Олар сондай балаларды тауып алып, бастапқыда суретке түсіп жіберуін өтінеді. Артынан ашық суреттер не видео кетуі мүмкін. «Жаман ештеңе істеп жатқаным жоқ, жай ғана түстім ғой» деген бала орға түсіп жатады. Сол дүниелерді ата-анасына, елге жария саламын деп бопсалап, қорқытады. Міне, осының зардабы жасөспірім ұл-қыздарға тиеді. [caption id="attachment_74357" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
Кәмелеттік жасқа толмаған ұл баланы зорлауға сұраныс көбейген
[caption id="attachment_74360" align="alignright" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Адам саудасының құрбанына түсіп жататын қыз-келіншектер ме, әлде ер-азаматтар ма? – «Мынау – аз, мынау – көп» деп бөліп-жарып айта алмаймыз. Бұрын құлдықта көбіне иммигранттар болса, қазір еліміздің азаматтары көбейе түсті. Әсіресе, алыс ауыл-аймақтан келген жас жеткіншек өте көп. Өздері сенгіш, көп нәрседен бейхабар жандарға айласын асыратын жеңгетайлар жетерлік. Өкініштісі, кейбір жеңгетай өз ауылының қыз-келіншектерін жезөкшелікке салып жібереді. Ондай тәсілді өз ішімізде Oriflame дейміз. «Досыңды әкелсең, үстінен пайызыңды аласың» деген қағидасы бар емес пе?! Кейбірі бұл жолдың жақсы табыс әкелетінін түсініп, ақырындап жанындағы құрбы-құрдастарын тарта бастайды. [caption id="attachment_74363" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption][caption id="attachment_74364" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Қазір жезөкшелікпен қыз-келіншектер ғана емес, ұл балалардың да айналысатыны рас па? – "Сұраныс бар жерде – ұсыныс та бар" дегендей, қызметтің де түр-түрі шығып жатыр. Әсіресе, эротикалық дүниелер көп. Оған ешқандай кедергі жоқ, жол ашық. «Ақшаң болса қалтаңда – талтаңда да, талтаңда» дегендей, ақшалылар ойына келгенін істейді. Соған қарай жезөкшелікпен айналысатын ер адамдар да, трансгендер де, гей де бар. Жасы 30-40-қа келіп қалған, шылым шегіп, ішімдік ішетін келіншектен гөрі 13-14 жастағы жасөспірімді қалайды. Оның арасында ұл балаларды зорлауға сұраныс көбейген.Одан алтынға көміліп, сәнді киімге малынып, соңғы үлгідегі көлікпен ауылына барады. Мұны көрген ауылдың жас қыздары қайран қалып, оған жақындай түседі. Біріне шындықты айтса, бірін алдап түсіреді. Сөйтіп, қыздар жезөкшеліктің жетегінде кете барады. Осыған ұқсас жағдай осыдан 2 жыл бұрын Шымкентте болған. Өз ауылының қыздарын «жұмысқа тұрғызамын, ақшаны күреп табасың» деп алдап әкелген. Бірін дүкенге жұмысқа тұрғызып, артынан кафеге ауысса, жұмыссыз қалғаны еріксіз осы жолға түседі. Сондай бір кездесуін видеоға түсіріп бопсалауы тағы бар. Үй ішінің алдында абыройы төгілмес үшін көндігеді. Полицияның құрығына түскен кезінде ол ауылдан үш қызды қалаға әкеліп, ұрып-соғып, жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеген.
[caption id="attachment_74367" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]Ал бізде сұраныс беретін өзіміздің ақшалы азаматтар мен азаматшалар. Оның 85 пайызы – ер-азамат, қалған 15 пайызы – әйел. Үй қызметшілеріне де сұраныс өзгерген. Олар бұрынғыдай өзбек, қырғызды емес, Африка, Малайзиядан келген түрлі шетелдік азаматтарды жалдайды. Біріншіден, балаларына ағылшын тілін үйретуге десе, екіншіден, шетелдік қызметші ұстағанды дәреже көреді.
Айла-тәсілі бітпейтін жеңгетайлар
– Қашса құтылып, қуса жеткізбейтін қылмыскерлер айласын қалай асырып отыр? – Олар да ақымақ емес. Бір жылдары адам саудасымен айналысқандарды жазалау бойынша заңдылықтың кейбір актілеріне өзгеріс енгенде біразы ұсталған. Секемденген олар айла-тәсілін өзгертті. Соның бірі – ақысын пәтерақы ретінде алу. Қызмет ақысы қолма-қол ақшамен берілуі, тұтқындауға дәлел болады. [caption id="attachment_74373" align="alignleft" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Сондықтан олар бір пәтерге бес қызды тұрғызады. Әрқайсысынан 7 мыңнан алып отырады. Күніне 35 мыңнан төлеуге міндеттеледі. Ал ақшаны қалай тауып береді, ол өздерінің мәселесі. Күнбе-күн ақша төлемеген соң қарыз да өсе береді. Сөйтіп, қарызға белшесінен батады. Ақырында оларға клиентті өзі жіберетін болады. Алда-жалда полиция келіп, пәтерді тексерсе ешқандай дәйек табылмайды. Ары кетсе үй иесі пәтерақысын алғанын айтады. Сонымен, пәтерден-пәтерге көшіп жүре береді. Не болмаса адам көп жүретін жерді таңдап, қонақүйдің нөмірін бір айға жалдап, сонда тұрақтанады.Бұрынғыдай жеңгетайлар ұрып-соқпай, күш көрсетпейді. Тәжірибемізде қыздың қолын орындықпен ұрып сындырған да, мойнынан пышақпен тіліп жіберген де, арқасын үтікпен басып күйдіргендер де болды. Тіпті, жас қыздармен сайт арқылы танысып, «сүйемін, күйемін» деп оны үлкен қалаға шақырады. Ал қалаға келгенде ол қызды 50-80 мыңға сатып жібереді. [caption id="attachment_74374" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Қоғамдағы әлжуаз топтың ең осалы – балалар үйінің түлектері. Құлдыққа көп түсетіндер де солар. Себебі не деп ойлайсыз? – Ол – рас. Бізге мұндай жағдай бірнеше рет кездесті. Негізі, ол жердегі баланың көбінде ой-өрісінің дамуы, жетілуі баяу жүреді. Осындай әлсіз тұсын пайдаланатындар көп. Соның бірі – балалар үйінің жетекшісі. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды. Арасында «бір қарын майды шірітетін құмалақ» болады. Сондай жағдайдың бірі жақында ғана болды. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы оқиға. Қазір ол әйел балаларымен сол жақтағы біздің серіктес дағдарыс орталығында орналасқан.Егер жұмысқа шықпай қалса – айыппұл, қанағаттандырмаса – айыппұл, сөзге келіп, қарсылық танытса – айыппұл. Күннен-күнге айыппұлы өсіп, қарызға көміліп қалады. Қарыздың басы – ауылдан келгендегі жолпұлы мен баспанасы. Кетемін дегеніне ешқандай қарсылық білдірмейді. «Сені ешкім ұстап отырған жоқ. Қарызыңды төле де, жүре бер», – дейді. Бірақ оны қарыздан босатпайды. Бірін жапса, екіншісін мойнына іледі. Сөйтіп, құлдықта жүре береді.
Балалар үйінің жетекшісі кәмелеттік жасқа толған қызды бір шаруаның үйіне жұмысқа орналастырады. Бұл оның бірінші жағдайы емес. Ол біраз баланы солай құртқан секілді. Шаруашылық иесі күні бойы жұмысқа салып, түнде қорада түнеткен. Арасында қызды сол жерде жұмыс істейтін еркектердің астына салған. Олардан көтеріп қалған баланы ол ай-күніне жеткізіп, туып отырған. Артынан шаруа қожалығының иесі баланы өзіне алып, анасына жолатпаған. Бірақ өзінің баласы болмаса да, туғанындай баққан. Кенже баласын 3-4 айында тартып алған. Ол осы уақыт бойы баласын құшағына алып, емірене иіскеп те көрмеген. Сол жерде құлдықта жүрген ер-азаматтар да болды, оған көмектесуге ешкімнің батылы жетпеді. Онда әркім өз жанын бақты. Сондай келіншек 15 жылдай құлдықта болып, 3 бала туған.
Қара жұмысқа жегіліп, құлдық қамытын кигендер азаяр емес
– Шаруашылықтарда жұмысқа салынып, құлдықта жүргендер азаяр емес. Осы мәселе қай облыстарда ушығып отыр? – Қазір қожалық иелері жалшыларын қағаз жүзінде құжаттандырып алып жатыр. Құжатсыз жүретіндердің арасында ішімдікке салынғандар, қаңғыбастар, сотталғандар, балалар үйінен шыққандар, ақыл-есі кем не дұрыс жетілмегендер. Міне, осыларды «сені құжаттандырып беремін, оның орнына жұмыс істесең болды» деп алдайды. [caption id="attachment_74376" align="alignright" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Бастапқыда жағдайын жақсартып, жұмысқа да көп салмайды. Уақыт өте келе арасында таңғы 6-да тұрғыза бастайды. Содан түн ортасына дейін жұмыс істетеді. Сенбі мен жексенбі күндегі демалысты жоқ қылады. Ауырып, жатып қалса дәрігерге қаратпайды. Бұл деген – құлдық! Себебі үш уақыт тамағын беріп, жалақысын төлеп отырған жоқ. Полицейлер «жұмыстың қиындығына қарамастан өзі істеуге келісті. Ұнамаса кетіп қалмай ма, қашып кетпей ме?» деп сылтауратады. Бірақ ол адамдар қайда қашады? Жапан далаға ма, әлде түзге ме? Қашып, ауылдың біреуіне көмек сұрап барса да, оны иесіне тапсырады. Ашуланған иесі өлермен етіп сабап тастайды.[caption id="attachment_74377" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Орта Азия елдерінің ішінде Қазақстан адам саудасы бойынша алдыңғы орында тұр екен. Бұған не дейсіз? – Әр нәрсенің екі жағы бар дегендей бұған келісуге де, келіспеуге де болады. Өйткені адам саудасы бізде ғана ушығып отырған жоқ. Ол – Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Ресей және АҚШ-та да өршіп тұр. Меніңше, бұл тізім қанша адамның саудалағаны емес, қанша істің ашылғанымен есептелді. Осы жағынан біз ақсап тұрмыз. Мәселен, Өзбекстан үкіметі осы жолда үлкен күрес жүргізіп жатыр. Себебі оларда заң қатал. Ал бізде ше?!Ешкімнің қорғай алмайтынын түсініп, енді біреуден көмек сұрамақ түгілі, аузын ашпайтын болады. Нәтижесінде, сол жерде күнелтіп жүре береді. Мұндай заңсыздық еліміз бойынша белең алуда. Әсіресе, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, Балқаш өңірі, Шу жақ, Оңтүстік Қазақстан облысында шаш-етектен.
Меніңше, адамды жұмысқа күштеу фактісі тіркелді ме, сөзге келместен, айыппұл салу керек. Жезөкшелікпен айналысу бабында қыз оған дейін жыныстық қатынасқа түспесе ғана қозғалады. Ал төсек қатынасында болған болса, ол қаралмайды. Жыныстық қатынасқа күштеу деп көрсетілуі қажет. Не болмаса, жасөспіріммен сайтта хат алмасқаны көрінсе, бірден ұстауы тиіс. Елдегі адам саудасы мәселесін Президентіміз айшықтап атап, оны бағдарда ұстау керегін жеткізген. Үкіметтің осы бағытқа бет бұра бастағаны қуантады. [caption id="attachment_74378" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]Бізде заң әлсіз, адам құқығын қорғайтын жүйелі жүйе жоқ. Барып арызданбағанға дейін іс қозғалмайды. Өлімші етіп сабап, өлім аузында жатса ғана ойлануы мүмкін. Қылмыскер қылмысы дәлелденбегенше жауапқа тартылмайды. 100 істің 10-ы ғана сотқа жетуі мүмкін. Бірақ мұның өзі зардап шеккеннің пайдасына шешілмей жатады. Осы жағынан адам құқығы қорғалмай жатады. Мысалы, қандай да бір қылмыстық топтың бары анықталады, арадағы жеңгетайлық үшін жазаланады, бірақ оның арғы жағы не болатыны беймәлім.
Құлдықтан құтыла аламыз ба?
– Кез келген адам құлдыққа түсуі мүмкін бе? Қалай сақтануға болады? – Құлдыққа түсуден ешкім сақтандырылмаған. Өйткені ешкім құлдыққа түсемін деп ойламайды. Тұрмыстық жағдай жақсы, толыққанды отбасынан шыққан адамның өзі құлдыққа түсуі мүмкін. Мәселен, бір жігіттің аяқасты жол бойында көлігі бұзылып қалады. Қол көтеріп көмек сұрап тұрған жерінен көлік тоқтап, басынан ұрып, есінен таңдырып, өзімен бірге алып кетеді. Әлгі жігіттің көлігін шаруашылықтың маңайына тығып тастайды. Өзін ұрып-соғып, жұмысқа салған. Ыңғайы келгенде әлгі жігіт қашып құтылған. Артынан шаруа 4 мың доллар айыппұлын төлеп құтылған.Кейбірі Оңтүстік Корея, АҚШ, Түркияға демалуға барып, із-түссіз жоғалып жатады. Өйткені белгісіз жерде ешқандай байланыссыз, таныссыз қалған жан құлдыққа түспегенде не істейді? Бірде көшеде келе жатқан қызды көлікке салып әкетпекші болған. Құдай сақтап, қыз аман қалған. Осал тұсы – кеш қарая жалғыз қалуы. Осының өзі құлдыққа кетудің бір жолы.[caption id="attachment_74380" align="alignleft" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Әрбір ата-ана баласын осындайдан аман алып қалғысы келеді. Оларға қандай кеңес берер едіңіз? – Ең алдымен кез келген әке-шеше баласымен дос болып, сырласа білуі керек. Бала ойына келген нәрсені, жасағысы келетін дүниесін қорықпай айта алғаны жөн. Көп жағдайда ата-ана баланың айтқанына мән бере бермейді. «Маған бейтаныс адам біртүрлі қарады», «Маған тиіспекші болды» дегенге «Тыныш отыр, ойыңнан шығара бермей. Өзің бірдеңе деп сөз қайтарған шығарсың» деп баланың аузына қақпақ болады. Екіншіден, қараусыз не бақылаусыз қалған балалар ұрынарға жер таппай отырады. Күні ойы ноутбук не планшеттің алдында отырып, бәрін ақтарады. Оның неге кіріп-шыққанын ешкім білмейді. Сондықтан ата-ана компьютерлік білімін жетілдіруі керек. Жеткіншектің қайда кіріп отырғанын білдіртпей бақылайтын жүйе орнатқан жөн. Қазір бала да ақымақ емес. Интернеттен кірген парақшаларды көрсететін тізімді браузерден өшіріп, тазалай алады.
[caption id="attachment_75302" align="alignnone" > ©А.Ахметқазы[/caption]Мәселен, Ақмола облысынан кәмелетке толмаған жасөспірім астанаға қарай шыққан. Өзі осында оқиды. Бірақ елордаға келісімен оны пәтерде қамап ұстап, жыныстық қатынасқа күштепті. Полиция тұтқындағанда пәтерде 13, 14, 15 жастағы жасөспірім қыздар болған. Жеңгетайлықпен айналысқан әйел сағатына 100 доллардан алып отырған. Ал олардың қымбат пәтерін сол жағалаудан жалдаған. Сонда ана қыздың үсті-басы қотырдан көрінбеді. Басындағы жара іріңдеп кеткені соншалық, шашын тақырлап алып тастадық. Міне, осындай жағдай өте көп. Біз соның алдын алуымыз керек.