«Айтсам, тыңдайтын құлақ жоқ» ­– Мейрамбек Бесбаев Алматы әкіміне ренішін айтты
«Айтсам, тыңдайтын құлақ жоқ» ­– Мейрамбек Бесбаев Алматы әкіміне ренішін айтты
Фото: Интернеттен алынды
372
оқылды

Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желідегі парақшасында өнердегі аға буынның кейбірі баспанасыз жүргенін айтты.

Өзі осы проблеманы көтергенімен, ешкім әншінің сөзіне құлақ аспаған.

«Алматы – көшелерінде талай мықтының табанының табы қалған, ән мен жырға арқау болған алып шаһар. Бір өкініштісі, сол қаланың бұрышынан қуықтай мекен бұйырмай жүрген өнердегі біраз ақсақалдарымыз бар. Айтудай-ақ айттық. Тыңдайтын құлақ жоқ», - деп жазды Мейрамбек Бесбаев.

Өнер, мәдениет саласына еңбек сіңірген өнер адамдарына құрмет көрсетілмейтініне налиды.

«Өнерпазына үрке қарайтын елде тұрып жатырмыз. Алдыңғы буын ағаларымызды ардақтайтын бір басшы табылмағаны өкінішті. Барын бағалай алмаған елдің ертеңіне сеніммен қарауға бола ма?», ­ – деп өкпе-назын айтты.

Мейрамбек Беспаев ­– былтыр қыркүйек айынан бері Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі.   https://www.instagram.com/p/CFcD_JMDp5f/?utm_source=ig_web_copy_link