Жақында әнші, Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің орындауында Aqerke әніне түсірілген жаңа бейнебаян жарық көрді, – деп жазды Aikyn.kz.
Көрермен бейнебаян да, ән де көңілінен шыққанын жарыса жазып, пікір білдіріп жатыр. Алайда «Димаш көбіне опера, классикалық шығармаларды орындайды, авторлық әні аз» деп сыни пікір айтқандар да бар.
Осыған қатысты әнші видео жариялап, әрбір пікірге құрметпен қарайтынын жеткізді.
«Осы жылдар ішінде операдан бастап поп, рок, этно, edm, тіпті рэпке дейін әртүрлі жанрда жұмыс істеп келемін. Кез келген жанрды жаным сүйеді. Репертуарымның басым бөлігі авторлық әндерім. Өзім полдюсерлік еткен туындылар. Бұл таспаны бірнәрсені дәлелдегім келгендіктен емес, жерлестеріме шығармашылығымды түсіндіргім келгендіктен жазып отырмын. Әркімнің өз талғамы бар. Әркімнің пікірін құрметтеймін», - деді Димаш.
Айтуынша, жаңа өңдеуде орындалған «Ақерке» халық әні қазақ мәдениетін әлемдік аудиторияға таныстыруды мақсат еткен.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
