Базардағы еттің сапасына жауапты ветеринар парамен ұсталды
Базардағы еттің сапасына жауапты ветеринар парамен ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
200
оқылды

Қызылжарда парамен ұсталған базардағы ветеринар айыппұл төледі.

Ветеринар маусым айында парамен ұсталған. Ол етті сапасына қарамай, сатуға рұқсат бергені үшін 10 мың теңгеге дейін пара алып отырған. Жедел тексеріс кезінде пара бермек болған үш кәсіпкер де ұсталған. Заңсыздыққа барған ветеринардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды. Екі ай істі қараған сот парақорға 800 мың теңгеге жуық айыппұл салған.

ҚР СЖҚІҚ агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин: «Қалалық ветеринарлық инспекциясының бас маманы етті құжатсыз қабылдап, бірнеше кәсіпкерге «қамқорлық» жасағаны үшін сот оны 787 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Ветеринар алған пара көлемі 2 мыңнан 10 мың теңгеге дейін болған. Ұсақ болып көрінуі мүмкін. Бірақ бір жылдың барысында күнде осындай көлемде пара алсаң, қомақты қаражат жиналады».

Телеарнаның  дерегінше, биыл солтүстікте 67 адам парамен ұсталды. Жалпы, шығын көлемі –– 500 миллион теңгеге жуық.