Алматыда Көк базар, метроның Райымбек стансасы бірнеше күнге жабылады
Алматыда Көк базар, метроның Райымбек стансасы бірнеше күнге жабылады
Фото: Интернеттен алынды
237
оқылды
«2020 жылдың 25, 26, 27 қыркүйегінде 18:00-ден бастап метроның Райымбек стансасы техникалық мәселелерге байланысты жабық болады. Жолаушыларға Жібек жолы стансасынан Мәскеу стансасына дейін маршрутын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береміз», – деп хабарлады Алматы метрополитені баспасөз қызметі. Сонымен қатар Алматыдағы Көк базар үш күнге жабылады. Бүгін, яғни 25 қыркүйекте базар түскі сағат 12:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Әкімдіктен «Жалға алушылардың қауіпсіздігі және базардың материалдық құралдарының сақталуы үшін базар жабылады» деп ескертілген. Көк базар 28 қыркүйекте қайта ашылады.