COVID-19 пандемиясына байланысты жағдай компания қызметшілері, мердігерлер, ҚПО басшылары мен өңірдің бірлескен күш-жігерімен ғана шешілуі мүмкін. Өкілетті органдармен аймақтық және республикалық деңгейде қалыптасқан серіктестік қарым-қатынастар осы дағдарысты еңсеруде негізгі рөл атқаратын болады. ҚПО компаниясы COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері Қазақстан саясаты мен ДДҰ нұсқамаларына толығымен сәйкес келетін жедел әрекет ету жоспары мен стратегиясын әзірледі. Негізгі құраушылары ҚПО қызметкерлері мен мердігерлер туралы қамқорлығы, вирустың таралуымен күрес және тәуекелдерді басқару.
ҚПО жергілікті қауымдастыққа көмектесу үшін жергілікті және аймақтық денсаулық сақтау мекемелеріне үш миллиардтан астам теңгеге медицина құралдарын табыстады, бұл сөзсіз, COVID-19 -дың алдын алу және емдеу жөніндегі күш-жігерді қолдаудан байқалады. Батыс Қазақстан облысының ауруханаларына өкпені жасанды желдету, жеке қорғану құралдары, тепловизор камералары, ПТР талдауы мен тест-жүйелері, COVID-19-ды жылдам тестілеуге арналған жинақтар, кереует жанындағы мониторлар, электрокардиография аппараттары, шприц сорғыштары, зертхана тестері, инфекциялық бақылау құралдары, сондай-ақ екі жедел жәрдем көліктерін қосқанда қарқынды терапияға арналған заманауи құрал-жабдықтар жеткізілді. ҚПО Biz Birgemiz жалпыұлттық науқанына белсенді түрде атсалысып, қайырымдылық үшін едәуір қаражат аударды.
Сонымен қатар консорциум бекітілген жылдық жұмыс бағдарламасы мен 2020 жыл бюджетіне сәйкес сұйық көмірсутектері мен газ өндіру жөніндегі барлық міндеттемелерін орындап келеді. KGDBN және 4IC секілді өндірісті кеңейту жобалары жүзеге асырылу кезеңінде: KGDBN қазіргі кезде 90%-дан астам, 4ICP -60% дерлік аяқталды.
Команданың жүйелі жұмысы, қызметкерлердің кәсібилігі мен жоғары нәтижелерге үнемі қолжеткізуге ұмтылудың арқасында, ҚПО орасан зор жасампаздық әлеуетке ие болып отыр. Компания еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласында ең жоғары көрсеткіштерді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерге, сондай-ақ Қарашығанақ өнімінің экономикалық тиімділігін ұлғайтуға басты назарын аударуда.
Кен орны экологияның аса жоғары стандарттарын сақтау арқылы игерілуде. Алдында бекітілген жоспар бойынша, табиғатты пайдалану қауіпсіздігінің барлық шарттарын сақтай отырып, қысқамерзімді шаралармен қатар ұзақмерзімді жоспарлар да орындалып отыр. Қоршаған ортаға шығарындыларды мониторингтеу атмосфера шығарындысын, қалдықтарды сақтау және өңдеуді бақылаумен қоса, сондай-ақ ауаны, топырақты, жер беті және ағын суларды мониторингтеу тұрақты режимде және толық көлемде жалғасын табуда.
Кен орнына жақын орналасқан санитарлық-қорғау аумағы мен елді мекендердегі ауа сапасы айрықша бақылауда. Бақылау өлшемдерін экологиялық мониторинг стационар стансаларындағы аккредиттелген зертханалары жасайды. Сынамаларды іріктеу және оларды талдау тәулік бойы жүргізіледі. Энергия ресурстарын тиімді пайдалану аудиті және оларды одан әрі тиімді қолдану үшін жаңа мүмкіндіктер іздестіру жұмысы барынша қызу жүруде. Энергия ресурстарын пайдалану және парник газдарын кәдеге жарату жөніндегі ұзақмерзімді жоспары ауқымды жобасын іске асырудың келесі кезеңі белгіленіп отыр.
Сонымен бірге ҚПО бөлімдер қызметінің барлық саласындағы, соның ішінде қоршаған ортаны қорғаудағы сандық жүйеге көшіру және инновациялық процестерді белгіленген мерзімнен бұрын енгізіп отырғанын атап өткен жөн.Осылайша, ArsGis бағдарламалық қамтылымы кеңінен пайдаланылуда.Бұл кеңістіктік-үйлестіру деректерін жинау, орталықтандырып сақтау, өңдеу және көрсетуді қамтамасыз ететін географиялық ақпарат жүйесі. ГАЖ-жүйесі деректерді түгендеу, талдау, бағалау және болжау, сондай-ақ өндірістік процестер мен қоршаған ортаның жағдайын басқару кезіндегі маңызды міндеттерді шешуге арналған.
Цифрлы технологиялар ретроспективті бағалау үшін, орман-мелиорация жұмыстарын тиімді моделдеу үшін септігін тигізіп, экологиялық мониторинг стансаларын орналастырудың барынша дәл нүктелерін таңдау үшін кен орны мен оның әсер ету аумағында табысты пайдаланылуда. ГАЖ-технологияларын кеңінен таныту үшін арнайы білімі мен дағдылары жоқ пайдаланушыларға қолжетімді GoGIS веб-порталы әзірленіп енгізілді. Яғни, енді кен орнының табиғатқа экологиялық әсері туралы ақпарат осы мәселе қызықтыратындар үшін ашық әрі қолжетімді.
Әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру бағдарламасы жүйелі әрі жоспарлы түрде іске асуда. 2020 жылдың мамырында Жанғала ауылында спорттық-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді. Маусым айында ҚПО №7 қалалық емханадағы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады.Тамызда Орал автомобиль қатынастары үшін стратегиялық маңызды объект – мұнай базасы ауданындағы көпірді қалпына келтіру жұмысы аяқталды. Оқу жылы қарсаңында Орал қаласында жаңа мектеп ашылды. Бұл ҚПО консорциумының Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау, көлік инфрақұрылымына, білім, спорт және мәдениетке басты назар аударатын ұзақмерзімді дамыту жоспарына бейілдігін растайтын соңғы мысалдар.
ҚПО Қазақстанның мұнай-газ секторындағы және жергілікті қамтуды арттыру тұрғысынан да жетекші компаниялардың бірі болып қала береді. Биылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ҚПО тауар, жұмыс пен қызмет көрсету жөніндегі келісімшарттарында жергілікті қамту үлесі 60%-ға жетті.
Қазақстандық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқыту компанияның басты басымдықтарының қатарына кіреді. Қазіргі кезде Қазақстан қызметкерлері кәсіби және білікті жұмысшы кадрларының жалпы санының 96% және басшы лауазымдардағы қызметшілердің 81%-ын құрайды.
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы Қазақстанның стратегиялық мүддесі бар ҚПО бизнес-мақсаттар мен корпоративтік құндылықтарды шоғырландыру мақсатында өкілетті органдар, жергілікті атқарушы органдар, салалық серіктестер мен басқа да мүдделі тараптармен тығыз әріптестік байланысын жалғастыруда.