Жаттығу барысында сарбаздың басына оқ тиген
Жаттығу барысында сарбаздың басына оқ тиген
117
оқылды
Оқыс оқиға Ақтау қаласындағы 3502 әскери бөлімінде болған.
Әскери шабуыл бойынша жаттығу барысында басынан қатардағы сарбаз А.Каримов жараланған болатын. Оның басына оқ тиген.
«Қазіргі уақытта сарбаз ауруханада жатыр. Оның денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, жағдайы тұрақты», - деп түсіндірді Ұлттық ұланның баспасөз қызметі. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Қылмыстық қудалау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.