Із-түзсіз жоғалған бойжеткенді полицейлер қонақүйден тапты
Із-түзсіз жоғалған бойжеткенді полицейлер қонақүйден тапты
121
оқылды

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бойжеткен қонақүйден табылған.

«Жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде, полицейлер 28 қыркүйекте жоғалған қызды тапты. Көкшетау қаласындағы қонақүйде болған. Ол отбасындағы ұрыс-керістен соң, үйінен кетіп қалған. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», – дейді полицейлер.

Айта кетйік, бұған дейін 28 қыркүйек күні Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 20 жастағы қызға іздеу жарияланған еді.