Ауаны ең көп ластайтын екі-ақ кәсіпорын
Ауаны ең көп ластайтын екі-ақ кәсіпорын
817
оқылды
Аймақтың экологиялық ахуа­лы  жайлы мәселе облыс ор­талығында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният, Қарағанды об­лысы­ның әкімі Жеңіс Қасым­бек, өңірдегі өнеркәсіп кәсіп­орындарының басшылары мен экобелсенділер қатысқан  дөң­гелек үстелде талқыланды. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуынша Қарағанды өңірі онкологиялық аурулар бойынша алғашқы бестікте тұр.  Олардың үлкен көрсеткіші Жезқазған қа­ласына тиесілі дейді маман.
– Өкінішке қарай, нашар экология онкологиялық аурулар­дың өсуіне әкеледі. Облыс елдегі онкологиялық науқастар саны бойынша көшбасшылар бестігіне кіретінін жасырмаймын. Бірін­ші орында өкпенің қатерлі ісі­гі, екінші орында асқазан, үш­інші орында колоректальды обыр. Жергілікті дәрігерлер ісік­­терді ерте сатысында анық­тауда көшбасшы болып сана­лады. Осының арқасында паци­енттердің өмірін емдеуге және сақтауға болады. Егер Жезқазған мен Балқашты салыстыратын болсақ, онда соңғы қалада ісікке шалдығу жағдайларының саны көп, – деп атап өтті Ажар Ғиният. Жезқазған қаласында жү­рек-қан тамырлары аурулары бар науқастар саны да өсуде. Көңілсіз статистика  – ірі өнер­кәсіптік алыптар шығаратын шығарындылардың жоғарылауы­ның нәтижесі, – дейді сала ма­мандары.
Елбасының тапсырмасы бойынша, экологиялық проб­лемаларды шешу үшін Экология министрлігі Қарағанды облы­сындағы «Экологиялық жағ­дай­ды жақсарту жөніндегі ша­ра­лар туралы кешенді жос­пар» әзірлеген болатын. Онда өндірістік ком­паниялар 2021-2025 жылдары қол жет­кізуі тиіс индикаторлар көр­сетілген. Оны іске асыру та­би­ғи ортаға антропогендік және техногендік жүктемені азайтуға және өңірдегі жағдайды айтарлықтай жақсартуға мүм­кіндік береді. Дегенмен бұл Жол картасында Жезқазған қаласы ескерілмеген дейді қала тұрғындары. Қарағанды об­лысында тек Теміртау қала­сы­ның экологиясын жақсартуға арналған Жол картасы әзір­ленген. Балқаш пен Жезқазған қа­лаларының экологиялық проб­­­лемаларын кешенді шешу үшін дербес Жол карталары қа­жет. Экология вице-министрі Ахмеджан Пірімқұлов осындай ұсыныс жасады. Оның айтуынша, бұл нақты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Қала құраушы кәсіпорындарда қазірдің өзін­де бірнеше эко-жобалар іске асырылуда, өндірістерді ауқым­ды жаңғырту жоспары әзірленді. Алайда жұмыс экономикалық себептерге байланысты баяу­лауда. Отандық мыс әлемдік на­рықтағы бәсекелестікті жоға­лтты. Оның құны қытайлық өнім­ге қарағанда үштен бірге қымбат. Сондықтан бизнестің ғана емес, мемлекеттің де қатыс­уы­мен кешенді эко-стратегия қажет дейді мамандар. Жезқазған мен Балқаштың мыс балқыту зауыттарында кү­кірт қышқылы цехтарын салу жоспарлануда, соның нәти­жесінде атмосфераға зиянды шығарындылар деңгейі төмен­дейді.
– Жезқазған мыс балқыту зауыты 2018-2022 жылдары жаңа күкірт қышқылы цехын салу және іске қосуды жоспарлаған. Бұл күкірт диоксидінің шығарын­дыларын 40 мың тоннаға азайтуға көмектеседі. Байыту фабрикасы бойынша ластанудың негізгі себебі консервацияланатын қалдық қоймасының еңістері. Еңістерді қопсыту қажет, бетін суару, бөгеттің шеттерін нығайту қажет, – дейді вице-министр Ахметжан Пірімқұлов.
Жезқазғандық белсенді Мақпал Орынбетова «Қазақмыс корпорациясына» қаланың ай­наласында жасыл белдеу құ­руды ұсынды. Корпорация бас­­қармасы төрағасының орын­басары Әділет Барменқұлов қоғам белсендісінің бастамасын қолдап, бұл мәселені пысықтауға уәде берді. Сондай-ақ ол кор­порацияның атмосфераға зиян­ды шығарындылар деңгейін ай­тар­лықтай төмендетуге мүм­кін­дік беретін жоспарлары ту­ралы айтып берді.
«Біз үнемі экология мәсе­лелерімен айналысамыз. 2008 жылы Балқашта күкірт қыш­қы­лы цехы салынды, ол шы­ғарындыларды 720 мың тон­на­дан 128 мың тоннаға дей­ін тө­мендетуге мүмкіндік бер­ді. 2017-2019 жылдары кор­порация қоршаған ортаны қор­ғау бойынша жоспарлы іс-шараларды жүргізуге 12,2 миллиард теңге жұмсады. Қазір­гі уақытта Жезқазған мыс балқыту зауытындағы кү­кірт қыш­қылы цехының құ­рылысына эко­логиялық әсер­мен қосарланған жанасудың озық технологиясын қолдану арқылы жобалық құ­жаттама әзірленуде. Бұл күкірт диок­сидінің шығарындыларын жы­лына 40 мың тоннаға азайтуға көмектеседі», – деп атап өтті Әділет Барменқұлов.
Алайда корпорация бас­қар­масы төрағасының орын­басары мұндай цехтарды іске қосу үлкен шығын екенін мо­йындады. Сонымен қатар ком­пания мыс концентратын өңдеу құнының төмендеуіне байланысты экономикалық қиындықтарға тап болған. Екі қаладағы мыс балқыту зауы­тын жабу корпорация үшін ар­­занға түсер еді. Дегенмен «Қа­зақмыс»  Жезқазған мен Бал­қаш тұрғындарының басым бөлігін жұмыспен қамтып отыр­­ған өңірдегі қала құраушы кә­сіпорын болғандықтан, бұл тә­уекел тиімсіз болмақ.
«Бізге үлкен көлемді кәдеге жаратуға тура келеді, ал бүгінде ондай технологиялар жоқ. Біз бұл мәселені шешу үшін ғалымдарды шақырдық. Күкірт қышқылын топыраққа тыңайтқыш ретін­де пайдалану мүмкіндігі бар. Әрине, зауыттарды жабу эко­номика­лық тұрғыдан орын­ды болар еді. Бірақ біз өз қыз­меткерлеріміз бен мемлекет ал­­дындағы жауапкершілікті тү­сінеміз. Жезқазған мен Бал­­қашта мыңдаған отбасы та­быс­­сыз қалады. Сондықтан біз бұл мәселені барлық адам үшін ауыртпалықсыз шешкіміз ке­леді және мемлекеттің қолдауы мен халықтың түсіністігіне үміт­тене­міз», – деп толықтырды Әділет Барменқұлов.
Мақпал Орынбетова ше­неу­ніктерден Қызылорда об­лысындағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыр­ан-тасығыштар сатыларының құлау орны болып саналатын Ұлытау ауданы тұрғындарына өтемақы төлеу мәселесін қарас­тыруды сұрады.
«1997 жылға дейін Жезді ауданының тұрғындары өтем­ақы алған, кейін ол аудан Ұлы­тауға қосылған соң өтемақы тоқ­тады. Ғарыштық қоқыс елді ме­кендерге жақын жерде түседі және бұл радиоактивті гептил. 2017 жылы Талап ауылының маңында тағы бір зымыран-тасы­ғыш құлап, үлкен өрт бо­лды. Біз бұл мәселеге үлкен жауап­кершілікпен қарауды сұраймыз», – деді белсенді.
Мақпал Орынбетова Жез­қазған қаласындағы онкология­лық аурухананы қалпына кел­тіруді сұрады. Ол шамамен 20 жыл бұрын жабылған, соның сал­дарынан науқастар 500 ша­қырым алыстағы Қарағандыға баруға мәжбүр. Қарағанды өңірінің өнер­кәсіптік кәсіпорындарында проблема көп. Олар көбінесе ескірген жабдықтар мен техно­логиялармен байланысты, олар­дың көпшілігі Кеңес дәуірінен бері қолданылып келеді.
– Жезқазған мыс қорыту зауытында 30 жылдан астам уа­қыт бұрын пайдалануға бе­рілген күкірт-қышқыл цехы жұ­мыс істейді. Жабдық тозған және түтін газдарын күкіртті ан­гидридтен толық тазартуды, сондай-ақ оны тауарлық күкірт қышқылына толық қайта өңдеуді қамтамасыз етпейді. Жаңа цех­тың құрылысын жеделдету қа­жет, – деді вице-министр.
Экология вице-министрі «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС тиесілі Балқаш мыс қорыту зауы­тының басшылығына да осындай ұсыныс жасады.
«Бұл кәсіпорында ескір­ген тазалау жабдықтары қол­данылады және бұл жергілікті тұр­ғындар мен экологтардың наразылығын тудырады. Оның тозғанын ескере отырып, тазарту цехын жаңғырту, сондай-ақ жаңа күкірт-қышқыл өндірісін салу туралы мәселені қараған жөн, – деді Ахметжан Пірімқұлов. «Біз 5 университеттің са­рап­шыларын қатыстырдық, ғы­­­лыми топ құрылды және за­уыт­­тарды жаңғыртудың 2 жос­пары әзірленді. Біріншісі –  өн­дірісті жылына 500 мың тонна мысқа дейін арттыра отырып, жұмыс істеп тұрған қуаттарды жаңғырту. Жобаның құны – 900 миллион теңге. Екінші жоспар – екі ескінің орнына жаңа мыс балқыту зауытын салу. Ол бізге 1,8 миллиард теңге тұрады, – деді «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Әділет Барменқұлов.
Еске сала кетейік, облыс­та барлық кәсіпорын таби­ғатты қорғау шараларына мил­лиардтаған қаржы аудара­ды. Дегенмен қоршаған орта эмис­сиясы үшін төлемдер облыстық бюджетке түседі, ол Теміртау, Жез­қазған және Балқаш қала­сына тікелей берілмейді. Мәсе­лен, экологиялық эмиссияға 2018 жылы 14 миллиард теңгеден астам қаражат түскен. Бірақ өкінішке қарай, облыстық бюд­­жеттің табиғат қорғау кә­сіп­­орындарына жұмсаған шы­ғындары бар болғаны 1 миллиард 200 миллион теңге болған.  

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА, Қарағанды облысы