«Салықтардың өсуіне қатысты түрлі қауесет бар. Ресми түрде бюджетте салықтардың жоғарылуы қарастырылмаған. Алайда Парламентке құжаттардың мақұлдауға жіберілгенін көріп отырмыз, онда тау-кен және металлургия, мұнай саласына корпоративті табыс салығы мөлшерін 20-дан 24%-ға, ҚҚС 12%-дан 16%-ға арттыру қарастырылған. Ірі кәсіпорындардың барлық жетекшілері министр Дәленовке (ҚР Ұлтттық экономика министрі Руслан Дәленов) хатқа қол қойды. Коронавирусқа қатысты жағдайға байланысты инвестициялар төмендеді. Егер біз қазір корпоративті табыс салығы мен ҚҚС-ты жоғарылатсақ, онда ұзақ мерзімді жобалар мен салымдар келешектігін қалай есептейміз?», – деді Николай Радостовец.Спикер егер кәсіпорындарға қалыпқа келуге мүмкіндік берілсе, онда сала сомалық мәнде бюджетке жоспарланған салықтық өсімнен гөрі көбірек пайда әкелетінін айтты.
«Корпоративті табыс салығы мен қосылған құн салығының болжамды артуы жұмыспен қамтылу, жоспарланған жобаларды іске асыруға қалай әсер ететінін байқау қажет. Басқа елдерде кәсіпорындарға қарастырылған салықтық ауыртпалықты зерттеп, жеке есептерді жүргізіп көрейік. Халықаралық тәжірибені: тиімділігі төмен кен орындарында жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін дифференциациялау қарастырылған ба зерттеңіздер. Пандемия салдарынан мемлекеттік бюджет шығындалды, бірақ шығындарды өтеуге ұлттық қордан қаражат бөлінді. Біз жұмыс орындарын қалпына келтіріп, өндіріс деңгейін дағдарысқа дейін болған көрсеткіштерге жеткізуіміз керек, осылайша төлеуге қабілеттілікті қалпына келтіру керек», – деді ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар шеңберінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлердің қызметін шектейтін және пайдалы қазбаларды өндіруде салық салуды реттеуде көмескілік тудыратын түзету енгізбек. Минералды шикізатты бастапқы өңдеу кезінде өндірістің түзелген қалдықтар көлемін шығынға жатқызбау ұсынылып отыр. Бүгінде нақты өндірілген көлемдерге ғана салық салынады, өндіру коэффициенті рудалардың құрамына байланысты 15-16% мөлшерінде құбылады. Аталған түзету енгізілген соң бүкіл қорға салық салынатын болады, өйткені техногенді-минералды объект бастапқыға жатады. 2020 жылға қарай Комитет кәсіпкерлермен бірге алтын, көмір және геологиялық саланы дамыту бойынша шараларды әзірледі (Ұлттық Банк тарапынан тазартылған алтынды сатып алуға монополияны алып тастау). Осы ретте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі көмір бағасына мемлекеттік реттеуді енгізуді ұсынды.
«Міне қызық, әлемде еш жерде баға реттелмейді. Шара нарықтың қысқаруына әкеп соғуы мүмкін, оның үстіне көмір экспорты да айтарлықтай төмендеген. Бұдан бөлек, ҰКП-мен бірлесіп геологиялық барлау саласын қолдау бойынша ұсыныстар әзірледік. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс қабылданған соң белсенділік орын алған жоқ. Инвестор келіп, барлық құжаттарды өткізетін, кейін оны барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен соң цифрлық форматта 1-2 айда ала алатын бір терезе қажет деп санаймыз», – деп атап өтті ҰКП салалық комитетінің жетекшісі.Тимур Құлыбаев кодексті қабылдау кезінде мемлекеттік орган прогрессивті австралиялық даму моделін назарға алғанын атап өтті.
«Бұл мәселені Тау-кен металлургия комитеті және Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің отырысына шығарайық. Бизнес ахуал инвесторларға тартуды болуы үшін көп күш-жігерді талап ететінін түсінемін. Ол үшін сот жүйесінен бастап өзгерістер қажет. Үш жыл – кодекс және қабылданған шаралардың тиімділігін түсіну үшін жеткілікті мерзім. Талқылаймыз», – деді Ұлттық палата басшысы.Жер қойнауын пайдаланушылар үшін 2020 жылдың соңында Экологиялық кодекстің қабылдауы маңызды. Николай Радостовец Экологиялық кодекс жобасы Салық кодексінен бөлек, ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ҚР Қаржы министрілігінің қатысуынсыз қаралып жатқанын айтты.
«Біз принциптік мәселелер бойынша келісімге келмедік. Мысалы, анықтамалықтар ерекшеліктерді ескере отырып, еуропалық стандартар бойынша жазылады. Аталған түзету алынып тасталды. Шамамен 15 принциптік ұсыныс қабылданбады, өйткені құжатты қабылдау жедел режимде жүргізілуде. «Атамекен» ұсынылатын инвестициялардың кәсіпорындардың экологиялық жаңаруына олардың экономикалық көрсеткіштеріне әсерін салыстырмалы бағалауды жүргізді. Бағалау ресейлік анықтамалықтар негізінде 26 ірі компанияға төрт сала: тау-кен және металлургия, мұнай өндіру, энергетика және мұнай өңдеу бойынша жүргізілді. Инвестициялар сомасы 4-тен 16 трлн теңгеге дейін жетуі мүмкін! Кешендік экологиялық рұқсатқа өту кезінде эмиссия үшін төлем ставкаларын алып тастауға қатысты әзірлеушінің бастамасын қолдаймыз. Бұл шара компанияларға оларды ең жақсы қол жетімді технологияларды енгізуде мақсатты пайдалану үшін қолдануға мүмкіндік береді», – деді Николай Радостовец.Қосымша ынталандыру шараларын беруде қаржылық көрсеткіштер: Эмиссия үшін төлемді алып тастау ары қарай ең жақсы қол жетімді технологияларға өтумен кешенді экологиялық рұқсаттарды енгізу кезінде мүмкін. Оларды қолданбау жағдайында эмиссиялық алымдар үшін салық ставкаларының біртіндеп өсуі 8 есеге артуы мүмкін. Бірінші кезекте ең жақсы қол жетімді технологияларды енгізу энергетикалық компанияларға қатысты болады, онда электр энергиясына қолданыстағы тариф кәсіпорындарды модернизациялауға мүмкіндік бермейді. Ең жақсы қол жетімді технологияларды енгізуге инвестициялар тарифтерді жоғарылату немесе бюджеттік қаражат есебінен субсидиялау арқылы мүмкін. «Жан-жақты ойластырылған шешім керек. Біз түрлі елдердің тәжірибесі туралы айтып жатырмыз, онда экологиялық талаптар жоғары, ал шығандарды өтеу халыққа арналған жоғары тарифтер есебінен жүргізіледі. Төлеуге қабілеттіліктің төмен деңгейімен жоғары стандарттарды құрып, экономиканы өсіре аламыз ба? Талқылап, есептеулерді егжей-тегжейлі зерттеу керек. Мәселені министрліктермен бірге тағы қарап, барлық тараптарды тыңдап, шоғырланған шешімге келуді ұсынамын», – деп қорытындылады Тимур Құлыбаев.
Айша ЕРСҰЛТАН