Мұрат Мұқаев, Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: Ашықтық – басты ұстанымымыз
Мұрат Мұқаев,  Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: Ашықтық  –  басты ұстанымымыз
198
оқылды

Еліміздің дамуына зор үлес қосатын екі құжаттың маңызы өте жоғары. Олар: Nur Otan партиясы Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында қабылданған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Бүгінгі таңда партия жұмысын жүйелі жаңғырту, сондай-ақ Жол­дауда айтылған тапсырма­лар­ды жүзеге асыру бойынша Nur Otan пар­тиясы Батыс-Қазақстан облыс­тық филиалы бірқатар жұмысты қолға алып келеді. Атап айтқанда, облысымыздың, аудандардың және Орал, Ақсай қалаларының «өзек­ті мәселелер картасы» жасақ­тал­ды. Аталған құжатта елді мекен­нің әртүрлі әлеуметтік мәселелері бо­йынша туындап отырған жайт­тар және оны шешу жолдары көрсетілген. Бұл мәселелерді ше­шу­де облыс депутаттарының және бастауыш партия ұйымдарының үлесі зор. Сонымен қатар қазіргі таңда «жаңа» медиа саласында шындыққа жанаспайтын ақпарат таратушылар көбейіп кеткені бә­рі­мізге мәлім. Осы мәселе жө­нін­­де Елбасы Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында айтып, әлеуметтік же­лілерді және БАҚ құралдарын тиім­ді пайдалануды тапсырған болатын.

– Жергілікті, қарапайым мәсе­ле­лер республикалық деңгейге дейін көтерілуде. Қоғамдық санада жалған түсінік қалыптасуда. Nur Otan өзінің ақпараттық стратегия­сын түбегейлі қайта қарауы қажет. Партияның бұқаралық ақпарат құралдары объективті және жедел ақпарат көздеріне айналып, ха­лық­тың сеніміне ие болуы тиіс, – деген еді Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда, облысымыздағы мәс­лихат депутаттары әлеуметтік желілерді және БАҚ құралдарын кеңінен пайдалану үшін жұмыс ат­қа­рып жатыр. Арнайы рубри­ка­лар, бейнебаяндар дайындалуда. Әр­бір партия мүшесі партиядағы атқары­лып жатқан жұмыстарды әлеу­меттік желілерде барынша бөлісуде.

Осыған дейін партияның 24 жоба­сы болған болса, қазір сол жоба­лардың тек 5-еуі ғана қалып отыр. «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Халыққа кө­мек» жобаларының барлығы да ті­келей әлеуметтік мәселелерді шешу үшін бағытталған. Қалған жо­балар қысқартылып, мемле­кет­тік органдардың жұмысын қайта­ла­мау үшін арнайы орган­дар­ға берілді. Сол оптимизацияның ар­қа­­сында, партиялық жобалар ая­сын­да жүзеге асырылатын іс-шара­лар екі есеге өсті.

Мемлекеттік саясаттың басты басым­дықтарының бірі – халық­пен тиімді кері байланыс орнату, қоғаммен пікір алмасуды жолға қою. Аталған мақсатты жүзеге асы­ру бойынша барлық мемле­кет­тік орган өкілдері мен депутаттар қабылдауларының жоспарлары бекітілді. Қазір халықпен кері тиім­ді байланыс орнату үшін бүгін­гі заман талабына сай барлық құрал­дар, оның ішінде әлеуметтік желі­лер, түрлі мессенджерлер тиімді болып отыр. Тұрғындар ша­ғым­дарын тек қана қабылдауға келіп қана емес, партияның парақ­ша­ларына хат жазу арқылы біл­діре алады. Ашықтық, жария­лы­лық – біздің басты ұстанымымыз.

Биыл Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 4 316 өтініш келіп түсті. Бұл былтыр­мен салыстырғанда 1 104 өтінішке көп. Ол дегеніміз – халықтың партияға деген сенімінің күн санап артып келе жатқанының айғағы. Бүгінде барлық деңгейдегі мәсли­хат депутаттарының, облыс, аудан әкімдері мен орынбасарлары­ның, мемлекеттік орган, құқық қорғау органдары басшыларының 1 195 қабылдауы өтті.


Қазір халықпен кері тиім­ді байланыс орнату үшін бүгін­гі заман талабына сай барлық құрал­дар, оның ішінде әлеуметтік желі­лер, түрлі мессенджерлер тиімді болып отыр. Тұрғындар ша­ғым­дарын тек қана қабылдауға келіп қана емес, партияның парақ­ша­ларына хат жазу арқылы біл­діре алады. Ашықтық, жария­лы­лық – біздің басты ұстанымымыз. 


Қоғамдық қабылдау бөлме­ле­рі­не келуші азаматтардың өтініш­те­рін саралай отырып, қоғамды не алаң­­дататынын анықтауға болады. Мәселен, 1 214 өтініш (30%) тұрақ­ты жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша түскен болса, 975 өтініш тұрғын үй және жер телімімен қамтамасыз етуге бағытталса, 833 өтініш әлеуметтік қамту, материал­дық көмек, атаулы әлеуметтік кө­мек тағайындау мәселесіне қа­тыс­ты. Сонымен қатар ком­му­нал­­дық қызмет, ауызсу, табиғи газ мәсе­ле­сіне қатысты 487 өтініш түссе, ден­­саулық сақтау саласына 81, бі­лім беру мәселесінде 72 өтініш кел­ді.

Жалпы айтқанда, еліміздегі же­текші партияны одан ары сер­піл­­тудің нақты бағдары айқын­дал­ды. Енді соны бірлесе іске асыра­тын уақыт келді. Бұл ретте жастар мәсе­лесін де назардан тыс қалдыр­мау керек. Елбасының өзі де Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында жастарды толғандыратын пробле­ма­ларға тоқталып, партиялықтарға сол күрмеулі мәселелерді анықтап, оларды оңтайлы шешуді тапсырды. Сондай-ақ партия Төрағасы кеңес кезінде «Jas Otan Жастар қанаты қоғамдық сананы жаңғырту жұмы­сы­ның алдыңғы қатарында болу керек» деген тапсырма берген бо­ла­тын. Jas Otan осы мақсатты те­рең түсініп, ілкімді жұмыстарды іске асыруды бірден қолға алды. Бүгінде облыстық Jas Otan Жастар қанаты «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «Ақиқат» облыстық пікірсайысшылар клу­бы, «Жасыл ел» еңбек жасақ­тары, «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы, «Қазақстан студенттер альянсы» бірлестіктерімен бірлесе жұмыс істеп, жастардың мәсе­ле­ле­рін шешу бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда.

Jas Otan Жастар қанатының IV съезі жасотандықтардың жұмысы­на жаңа леп әкеліп, жаңа бағыт­тар­ды айқындап берді. Сондай-ақ «Жаңа әлемге жол саламыз» атты арнайы құжатымыз да қабылданды. «Жаңа әлем жастары» құжаты ая­сында English for Jastar жобасы қол­ға алынып, облыс аумағындағы алты ауылдық округте мектеп оқу­шы­ларына ағылшын тілін үйрету курс­тары бастау алды. Қазіргі уақыт­та 600-ге жуық бала ағылшын тілінің курстарынан өтті.

Jas Otan Жастар қанаты әр­дайым жастар үшін тиімді пікір ал­масу алаңдарын құрып келе жат­қа­нын айта кеткен жөн. Мысалы, кәсіпкер жастар үшін жастар фору­мы, белсенді жастарымыздың ба­сын қосқан «Жастар-Отанға!» ла­ге­рі осыған жарқын мысал. Соны­мен қатар биыл жасотандықтар Jastar keryeni жобасы аясында облысымыздың аудандары мен ауылдарын аралап, арнайы мастер кластар мен семинар тренингтер өт­кізіп, жастардың ұсыныс-пікір­ле­рін жинақтап, керуен жұмысы концерттік бағдарламамен ұласты.

Сөз соңында айтпағым, партия жұмысын жаңғырту, тың бағыт сілтеу – бұл партия мүшелерінің сана­сы мен іс-әрекетіндегі түбе­гей­лі өзгеріс, бұл өзекті мәселелерді шешу, әр адаммен тікелей сұхбат­тасу, заманауи сұрақтар мен жауап­тар­ға жауап беру. Nur Otan пар­тия­сы алдағы уақытта да бұқара­лық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыс­та­рымен белсенді түрде айна­лы­сып, қоғамды толғандырып жүрген өзекті мәселелердің шешілуін, ха­лық­қа берген уәделердің орын­далуын мұқият қадағалап, партия жұмысын жүйелі жаңғыртып, Жол­­дауда айтылған тапсырма­лар­ды жүзеге асыру мақсатында жұ­мыс істей береді.