6 әкім жұмысынан кетті
6 әкім жұмысынан кетті
122
оқылды
«Тікелей бағыныштылардың жем­қорлығы үшін басшылардың жа­уапкершілігі институты нормативтік тұрғыда реттелді. Ол биыл 9 ай ішінде тиімді құрал екенін дәлелдеді. Саяси басшылардың отставкаға ке­туіне қатысты қарастырылып отырған кезеңде аудандық және об­лыстық деңгейдегі 9 әкім отставкаға кету туралы өтініш берді, 6 әкім жұ­мыстан шығарылды», – дейді ол. Олардың арасында Сәтбаев қала­сының әкімі Ыдырысовтың және Алматы облысы Панфилов ауданы әкімі Өмірәлиевтің отставкалары қабылданбаған. Облыс әкімдері оларға «сөгіс» жариялапты. Қара­мағындағы қызметкерлері жемқор­лық қылмысты өзгерісті енгізуге дейін (2019 жылғы 10 желтоқсан) жасағандықтан, Сәтбаев қаласының әкімі отставкаға өтініш бермеуіне де болар еді. «28 қыркүйекте Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі Ғаязов от­ставкаға кетті. Ол бұл қызметті 2011 жылдан бері атқарып келеді. Бұған дейін хабарланғандай (13 қыркүйек) оған тікелей бағынышты Рудный қаласы Қашар кентінің әкімі Алдонғаровқа қатысты үкім заңды күшіне енген болатын. Сол секілді Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі Нұртаевтың да отстав­каға кету туралы өтініші қа­ралуда. 8 қыркүйекте оның  сотталған орынбасары Тәжібаевқа қатысты үкім заңды күшіне енді. 5 іс әлі мони­торингте», – дейді Данияр Бекай­даров.  

Ж.НҰРЛАН