Мешіттерді тонаған азамат сотталды
Мешіттерді тонаған азамат сотталды
111
оқылды
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұры Қашқадария облысындағы Карши қаласындағы мешітте ұрлық жасау кезінде ұсталған.
Әндіжан тұрғыны Х.К. былтырдың өзінде Ташкент, Самарқанд, Жизақ және Ферғана облыстарындағы мешіттерге  келгендердің ұялы телефондарын, әмиянын және құжаттарын ұрлаған екен.
Тергеу барысында оның бұған дейін бес жылға сотталғаны анықталды.  Карши қаласының қылмыстық істер жөніндегі соты ұрыны жеті жылға соттады.