Жемқорлық: ШҚО және Ақмола облысында шенділер 70 млн және 1 млн теңгені жымқырған
Жемқорлық: ШҚО және Ақмола облысында шенділер 70 млн және 1 млн теңгені жымқырған
112
оқылды

Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы сыбайлас жемқорлықта бірнеше рет қылмыс жасаған.

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы А.Арсламбаев пен Шығыс Қазақстан облысының «Тұрғын үй-пайдалануға беру» басқармасының басшысы Л.Л.Әубәкіроваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған.

Олар ШҚО Өскемен қаласы "Өркен-КШТ" аймағындағы инфрақұрылым құрылысы, ШҚО Ұлан ауданы Украинка ауылындағы сумен жабдықтау желілері мен су тарту құрылысы, ШҚО Ұлан ауданы Сағыр ауылында су желілерін салудағы нысандарда жобалық-сметалық құжаттар үшін бөлінген 70,1 миллион сомасында орындалған жұмыстарға жалған актілер жасап бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталды.

9 қазанда Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен:

-        Жоғарыда аталған бар қылмысы үшін Арсламбаев А мемлекеттік қызметке тұру құқығынан өмір бойына айырылып, 4 жыл 6 айға сотталды;

-        Әубәкірова А.Ж бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырып, өз лауазымын асыра пайдаланғаны үшін мемлекеттік қызметке тұрудан өмір бақиға аластатылып, 4 жыл 7 айға бас бостандығынан айырылды (сәбиі он төрт жасқа толғанға дейін жазасын өтеу кейінге шегерілді).

Ал Ақмола облысындағы жастар саясаты Басқармасының басшылары мен бірқатар қоғамдық бірлестік өкілдері бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» КММ-нің бас маманы Асқар К.М, қоғамдық бірлестік өкілдері Әнуарбек Б.Н., Исин А.А., Нұрахмет Е.Б. және Жүсіпова Ч.К-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталғанын хабарлады.

«Олар алаяқтық жолмен жалған құжаттар және есеп құжаттарын дайындап, «Жасыл Ел» еңбек топтарының қызметін ұйымдастыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бөлінген 1 416 954 теңгені жымқырған», деп хабарланады.

9 қазанда Көкшетау қалалық сотының үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, сотталды:

-        Асқар К.М. – 14 169 540 сомасында айыппұл төлейді, өмір бойы мемлекеттік қызметке тұру құқығынан айырылды;

-        Әнуарбек Б.Н., Исин А.А., Нұрахмет Е.Б. и Жүсіпов Ч.К – 2 жылға бас бостандықтарынан айырылды.