Калифорнияда орман өртеніп жатыр
Калифорнияда орман өртеніп жатыр
94
оқылды
АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті әлі жалғасуда.
Шарпыған жалын 1 жарым милион гектардан астам жерді күлге айналдырды. Табиғи апаттан 32 адам қаза тапты. 600-ден астам үй мен ғимарат өртеніп, мыңдаған тұрғын баспанасыз қалды.
Тілсіз жаумен жүздеген өрт сөндіруші күресуде. Соңғы күндері кей аудандарда желдің соғуы басылғандықтан отты сөндіру біршама жеңілдеген. Билік бұл штат тарихындағы ең ірі орман өрті екенін айтуда. Ал мамандардың айтуынша, өрттің шығуы – климаттың жылынуы.