Жас математиктер турнирі
Жас математиктер турнирі
361
оқылды

Арифметика – математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (Карл Фридрих Гаусс)

«Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу сауықтыру орталығында «Сандар әлемді билейді» Республикалық жас математиктердің турнирі атты 13 ауысымы өтуде. Ауысымға математика пәні бойынша олимпиада және ғылыми жобалар жеңімпаздары, оқу озаттары келді. Бұл ауысымның мақсаты – жеңімпаз балалардың бір-бірімен тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, білімдерін жоғары деңгейде жетілдіру; жаратылыстану бағыты және ойлау қабілеті жоғары білгіш жасөспірімдерді тарту; тәуелсіз ой қалыптастыруға, өзіндік тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік беру, жағдай жасау болатын.«Балдәурен – Қапшағайда» балалардың бос уақытын тиімді пайдалану жолында әр түрлі қызықты танымдық үйірмелер бар. Балалар жеке қабілеттерін арттыру мақсатында өздеріне керекті әр түрлі ақпарат алмасып, тәжірибе жинап, оны жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Жалпы орталықта 24 үйірме жұмыс істейді. Олар: «Жас медбике», «Вокал», «Шабыт», «Кітаптар әлемінде», «Жас аспазшы», «Оригами», спорт түрлерінен (мерген, фитнес, теннис, үстел-үсті ойындары), «Қыш құмыра» және т.с.с.

«Ер қадірін ел білер, зер қадірін зергер білер» демекші біздің орталықта жаңадан «Жас зергер» үйірмесі ашылды. Үйірме балалардың бойына қазақтың тарихи-мәдени материалдық мұрасының жарқын тұсы жайында хабар беріп, эстетикалық талғамын, дағдыларын қалыптастырады.Ауысымға сай келген балалардың білім деңгейін тағы бір ортаға салып, шын мықтыны анықтау мақсатында үш кезеңнен тұратын «Кубик-рубик» атты ақыл-ой сайысы өтті. Бұл сайыста жеке қатысушы ретінде балалар бақ сынады. Мұндай іс-шаралар балдәурендіктердің білімін тереңдетуге, іскерлік дағдысын дамытуға қабілеті мен қызығушылығын арттыруға, демалысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Атаулы күндерде, мерекелік шараларда арнайы концерт пен көрме ұйымдастырылып, балалардың жеке жұмыстары бағаланып отырады.Дәстүрлі түрде орталықта «Олимпия» спорттық ойындары өтеді. Олимпия барысында топтық және жекелей біріншіліктер өткізілді. Ауысымда спорттық үйірмелерге қатысқан балалар өздерінің дағдыларын жарыста көрсетті. Ал командалық ойында балалар бір-біріне қолдау көрсету арқылы жақындай түсті.

Қорыта келгенде, балалардың «Балдәуреннен» алған әсері ерекше. Орталық балалардың қабілетін жетілдіріп қана қоймай, оларды тұлғааралық қарым-қатынасқа тәрбиелеп, өнерге деген қызығушылығын арттырды. Қалай десек те, «Балдәурен» – балалар үшін ерекше демалыс орны. Баламен бірге қуану, мұңаю, оның әсері мен қуанышын бөлісу – ұйымдастырушы -ұстаз үшін бақыт. Ал осындай бақытқа жол ашу – біздер, тәрбиешілер үшін үлкен табыс.

Балалықтың әрбір күнін бағалар,

«Арман арал» деп елімде саналар.

Демалысты көңіл-күйді қаласаң,

«Балдәуренге» келіңіздер, балалар.

Айғаным Байтасова

«Балдәурен-Қапшағай» РОСО әдіскері