Алматы мектептерінде 4 мыңнан астам көшет отырғызылды
Алматы мектептерінде 4 мыңнан астам көшет отырғызылды
5,160
оқылды

Қала басшысы Бақытжан Сағынтаев қаладағы мектептерде өткен көгалдандыру акциясына қатысты.

Jasyl Almaty жалпықалалық акциясы аясында білім ошақтарында 4360 көшет отырғызылды. Б.Сағынтаев Наурызбай мен Алатау аудандарына қарысты №200 және №181 мектептерінің оқушылары және мұғалімдерімен бірге болды.
Аталған екі мектепте 600-ге жуық көшет отырғызылды. Жалпы қаладағы 110 мектептің жоғары сынып оқушылары, ата-аналары мен ұстаздары бірігіп, 4360 түп акация, қарағай, катальпа, үйеңкі, шағала көшеттерін отырғызды.

«Жоғары сынып оқушыларымен бірге ата-аналардың да шыққаны қуантады. Демек, олар қоршаған ортаның жай-күйіне немқұрайлы қарамайды деген сөз. Сондықтан да болар олар біздің үндеуімізге үн қатып, көгалдандыру жұмыстарына құлшыныспен кірісті. Олар өз ағаштарын күтіп, суғаратын болады»,– деді Б.Сағынтаев.