Коронавирустың жаңа зардабы белгілі болды
Коронавирустың жаңа зардабы белгілі болды
119
оқылды
Коронавируспен ауырған еркектердің жыныстық жүйесінде бұзушылық болуы мүмкін. Израилдегі Шиба медициналық орталығының ғалымдары осындай қорытынды жасады, деп жазады  The Jerusalem Post. Коронавирустан сауығып, скринингтік зерттеуге қатысқан ер адамдардың 13 процентігінің ұрығында вирустың бөлшектері табылған. Мамандар коронавирустың жеңіл түрімен аурғандарда да ұрықтың 50 проценті азайып, қозғалысы төмендегенін анықтады. Коронавирустың бұл зардабы диагноз қойылғаннан соң 30 күн бойы сақталуы мүмкін. Зерттеуге басшылық етуші Дэн Адерка атты ғалым коронавирус ер адамдарды белсіздікке ұшыратады деп есептейді. Алайда ғалым бұл процестің қайтымдылығы белгісіз болып отырғанын айтады. Әзірге бұны анықтау үшін зерттеу жалғасуда. Бұдан бұрын РФ балалар және жасөспірімдер гинеколог маманы Елена Уварова коронавирусқа шалдыққан ер адамдардың ұрығының сапасы  38 процентке төмендейтінін айтқан болатын.