Андорра құрамасы тұңғыш рет тарихи жеңіске жетті (видео)
Андорра құрамасы тұңғыш рет тарихи жеңіске жетті (видео)
203
оқылды

Олар келесі кездесуін Исландия құрамасына қарсы өткізеді

Футболдан Андорра құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өз тарихтарында тұңғыш рет жеңіске жетті. 

Өз алаңында Молдоваға қарсы ойнаған Андорра футболшылары 1:0 есебімен басым түсті. 63 минутта Марк Валес гол соқты. 

Жалпы, Андорра 1998 жылдан еуропалық іріктеу турнирлеріне қатысқалы бері 56 рет жеңіліске ұшыраған. 

Кешегі жеңістен кейін H тобында бұл құрама үш ұпай еншілеп, қосымша көрсеткіштер бойынша Молдовадан алда тұр. Бірінші орында Түркия (18) келе жатса, одан кейін Франция (18), үшінші және төртінші орындарды Исландия (12) мен Албания (9) бөліскен. 

Андорра келесі кездесуін Исландия құрамасына қарсы өткізеді.

https://youtu.be/QPQnX5f-c7I