Ержан Максимнің Евровидение байқауында шырқайтын әні белгілі болды
Ержан Максимнің Евровидение байқауында шырқайтын әні белгілі болды
5,178
оқылды

Осы жылы Польшада өтетін балалар Евровидениесі байқауында Қазақстан атынан қатысатын Ержан Максимнің қандай ән орындайтыны белгілі болды.

Жас әнші "Don't forsake your dream" (Арманнан қалма) атты туындыны орындайды. Әннің авторлары – Хамит Шанғалиев, Данияр Алдабергенов және Тимур Балымбетов. Ресми бейнебаянның режиссері Александр Фломбойм, ал продюсері Сергей Руцкий.