Ақтөбеде үш ер адам зорланған
Ақтөбеде үш ер адам зорланған
121
оқылды

Ақтөбе облысының құқықтық статистика және арнайы есеп департаменті аймақтағы зорлық-зомбылық бойынша статистиканы жариялады. Жыныстық зорлық-зомбылыққа ер адамдар да тартылған, олар – үшеу. Бұл туралы "Ақтөбе Таймс" хабарлайды.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 18 жастан асқан 48 әйел мен үш ер адам зорланған. Екі ер адамның жасы 20 мен 30 аралығында, біреуінің жасы 40-пен 50 арасында.

Жыл басынан «Зорлық» бабы бойынша сотқа 48 істің тек үшеуі ғана жіберілген. Тек бір ғана қылмыстық іске қатысты 3 жыл 6 айға жаза кесілген. Қалған екі істе тараптар сот процесінде татуласып, іс жабылған.